Page 11 - 5.2.3
P. 11

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


           сандардың орналасу реті және орны мағынасы мен екі санды
           разрядты  түрде  бағанға  ұқыпты  түрде  жазу  барысында
           қалыптасады.
             5-сыныпта 1  000-ға дейінгі сандарды разрядтан атта-
           май  біртаңбалы  санға  көбейту  мен  бөлу  жағдайлары
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           қарастырылады.  Осы  жағдайда  ауызша  орындалатын
           амалдар қолданылады, яғни есептеу жоғары разрядтағы
           бірліктерден басталады. Кестеден тыс көбейту мен бөлу
           мысалдары қарастырылып, онымен қоса сандарды еселік са-
           лыстыру болады. Қосу мен азайту сияқты көбейту мен азайту
           арасындағы байланыс орнатылып, көбейтуді бөлумен, бөлуді
           көбейтумен тексеру жүзеге асырылады. Көбейту мен бөлудің
           белгісіз бөлігін табуға байланысты тапсырмалар орындалады.
             Санау  дағдыларын  меңгеруде  күрделі  қиындықтарды
           бастан кешірген оқушылар (В. В. Воронкованың жіктемесі
           бойынша үшінші типологиялық топтың оқушылары) ариф-
           метикалық амалдарды орындау барысында калькуляторды
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           қолдануы мүмкін.
             Меңгерілген есептеу амалдары мысалдарды шешу кезінде
           ғана емес, онымен қоса есептерді шешу кезінде де бекітіледі.
           Бағдарламада төменгі сыныптарда оқылған мысалдар, сан-
           дарды әртүрлі салыстыруға арналған қарапайым мәтіндік
           есептер, сандарды айырымдық, еселік салыстыруға, санның
           бөліктерін табуға бағытталған қосу мен азайту, көбейту мен
           бөлуге арналған қарапайым мәтіндік есептер қарастырылған.
             2-3  амалды  орындауды  талап  ететін  құрама  мәтіндік
           арифметикалық  есептер  мазмұнын  қысқаша  түрде  жазу
           арқылы  шешіле  бастайды.  Құрама  есепті  шешуді  жазу
           әр  амалға  түсініктеме  немесе  сұрақ  пен  жауап  берудің
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           көмегімен жүзеге асырылады. Сандардың өлшем бірлігін
           жазу есептің шешімін жазумен бірге болуы міндетті. Есеп-
           теуге арналған материалдар ретінде нақты сан деректері
           болуы қажет.


                                                                           9
   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16