Page 10 - 5.2.3
P. 10
special-edu.kz.
special-edu.kz.
«Нөмірлеу» тарауы ғана емес, онымен қоса Арифметикалық
амалдар тарауынан абстрактілі математикалық ұғымдарды
барынша нақтылауға мүмкіндік беретін Монтессори-матери-
алдарын («Алтын материал» банкі, Сеген тақтайлары, толық
жүздіктер, ондықтар мен бірліктердің жазуы бар бар кестелер)
special-edu.kz. special-edu.kz.
қолдану пайдалы. Жазбаша нөмірлеуде әр оқушы мұғалімнің
жетекшілігімен өзіне арналған «Мыңдықтар» кітапшасын
дайындайды, ол сандық қатардың реттілігі негізінде әр сан-
ды жаза отырып, біртіндеп 1-ден 1000-ға дейінгі сандармен
толтырады.
Арифметикалық амалдарды үйрену барысында оқушыларды
алдымен қосу және азайту, одан кейін көбейту және бөлу
амалдарымен таныстырады. Онымен қоса кестелік қосу мен
азайту арқылы кестелік көбейту мен бөлу амалдарын үнемі
қайталап, бекіту ұйымдастырылады.
1 000-ға дейінгі қосу мен азайту 2 кезеңмен оқытылады.
Бірінші кезең – разрядтан аттамай қосу мен азайтуды
special-edu.kz. special-edu.kz.
меңгеру. 10-ға дейінгі нөмірлеуге негізделген ауызша есептеу
тәсілі. Есептеу жоғары разрядтардан басталады (жүздіктер, со-
дан кейін ондықтар, әрі қарай бірліктер қосылып, азайтылады),
педагог оқушыларды ауызша санауға үйретеді. Мысалдар-
дың күрделілігі біртіндеп ұлғаяды, әр келесі қосу мен
азайту мысалы бұған дейінгі өткен мысалдарды шешуге
негізделеді. Қосу мен азайту арасындағы байланыс талда-
нып, қосуды азайту арқылы, азайтуды қосу арқылы тексеру
жүзеге асырылады. Қосу мен азайтудың белгісіз бөліктерін
табуға тапсырмалар орындалады.
Қосу мен азайтудың екінші кезеңі – разрядтан аттау
жүзеге асырылған кезде не ондықтар разряды немесе
жүздіктер разряды не бір уақытта екі разрядқа ауысу мысал-
special-edu.kz. special-edu.kz.
дары қарастырылады. Бұл күрделі оқу материалы. Баған
бойынша 10-нан 20-ға дейінгі аралықта қосу мен азайту
амалдарын жазбаша есептеуге алып келеді. Онымен қоса
дағдыларды қалыптастыру жетістігі есептеу барысында
8