Page 13 - 5.2.3
P. 13
special-edu.kz.
special-edu.kz.
қалыптасады. Төртбұрыштар туралы білімдері кеңейеді: тік
төртбұрыш пен шаршы қарастырылады. «Іргелес қабырғалар
мен диагональдар» ұғымдары енеді. Ірі көлемді фигуралармен
жұмыс жүргізіледі: текше мен брус. «Төбелер. Жақтары мен
қырлары» ұғымдары пайда болады. «Тыс орналасқан, өзара
қиылысады (қиылысу нүктесі) және бір фигура екіншісімен
special-edu.kz. special-edu.kz.
беттеседі» деген нұсқада геометриялық фигуралардың өзара
орналасу жағдайы қарастырылады. Геометриялық фигура-
ларды белгілеу мақсатында латын әліпбиінің кейбір әріптері
қолданылады. Геометриялық материалды көрнекілікті және
оқушылардың практикалық жаттығуларын кеңінен қолдану
арқылы зерттегені дұрыс.
5-сыныпта оқушыларды алғаш рет жай бөлшектермен та-
ныстырады. Осы тарауды меңгеру оқушылардың тұтас, сұйық
және сусымалы заттың оннан екі, үш, төрт, бес бөліктерін
алудағы практикалық тәжірибесі және «алдын ала» оқытуды
ұйымдастыру қағидасына сәйкес 4-сыныпта өтілген сандарға
негізделеді. 5-сыныпта оқушыларды жай бөлшектерді құрып,
special-edu.kz. special-edu.kz.
жазуға үйрету қажет. «Бөлшектің алымы» мен «бөлшектің
бөлімі» ұғымдарын енгізу қажет. Бірдей алымы мен бөлімі бар
бөлшектерді салыстыруға үйрету керек. Онымен қоса «дұрыс,
бұрыс және аралас бөлшектер» ұғымдарын берген абзал. Жай
бөлшектерді оқыған кезде оқушылардың практикалық әрекетін
ұйымдастыру міндетті түрде болғаны жөн. Сабақтарды
көрнекілік амалдарымен қамтамасыз етуді ойластыру қажет.
Бөліктер мен бөлшектерді безендіретін Монтессори-матери-
алдары пайдалы болады.
Сонымен, әр тараудағы оқу материалын зерттеуді ұйым-
дастыру бағдарламаны шоғырландырып құруға ықпал-
дасатын бұған дейін оқылған материалға кеңінен негізделуді
көздейді. Бұған дейінгі материалды үздіксіз қайталау және
special-edu.kz. special-edu.kz.
«алдын ала» жаңа материалды тұрақты түрде меңгеруге
ықпал етеді.
11