Page 14 - 5.2.3
P. 14
special-edu.kz.
special-edu.kz.
5-СЫНЫПТА МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНІҢ
ЖОБАСЫН ҚОЛДАНУ НҰСҚАУЛЫҒЫ
Аталмыш әдістемелік нұсқаулыққа енген Қосымшаларда
мұғалім өз сыныбымен жұмысты жоспарлау негізіне ала
алатын тақырыптық жоспарлаудың үлгісін таба алады
special-edu.kz. special-edu.kz.
(№1-қосымша). Оқу материалдарын тоқсандар бойынша
бөлу үлгі түрінде беріледі. Мұғалім оқушылардың білім
алу ерекшеліктерін ескере отырып оқу материалдарын мең-
геруді бір сыныптан екіншісіне (бір тоқсаннан кейінгісіне)
ауыстыра алады. Жеңіл түрдегі зерде бұзылыстары бар әр
баланың даму және оқу материалдарын меңгеру құқығын жеке
қарқын мен көлемге сай жүзеге асыра отырып, мұғалім әр
тақырыпты меңгеруге қажет сағаттар санын өздігінен анық-
тай алады. Келесі тақырыпқа көшу негіздемесі ретінде
В. В. Воронкова бойынша бірінші және екінші типологиялық
топтағы оқушылардың бағдарламалық материалды меңгеруі
special-edu.kz. special-edu.kz.
болып табылады. Оқу жылының басындағы сабақтар бұған
дейінгі оқылған материалды қайталауға арналады. Төртінші
тоқсанда оқу жылы бойы оқылған оқу материалдарын қай-
талау мен бекіту жүзеге асырылады, «Көрнекі геометрия
элементтері» тарауының тақырыптарын мұғалім әр тоқ-
санда тақырыптық жоспарда тең дәрежеде бөлуі қажет,
матема-тиканың аптасына бір сабағы геометрияны оқуға
арналатыны ескеріледі. Онымен қоса геометриялық мате-
риалы аз көлемде қайталау мен бекіту мақсатында мате-
матиканың басқа да сабақтарына енеді.
Оқушылардың жетістіктерін бағалауды қоса отырып пе-
дагог пен оқушының біріккен әрекетінің мазмұны туралы
special-edu.kz. special-edu.kz.
толыққанды түсінікті беретін 5-сыныптың бағдарламасына
сәйкес математиканы оқыту үдерісінің жобасы № 2-қосым-
шада бар.
Жобада төмендегілер көзделген: мақсаттылық, оқу тақы-
рыптарының технологиялық карталары, әр тақырыпқа арнал-
12