Page 15 - 5.2.3
P. 15
special-edu.kz.
special-edu.kz.
ған жобалы түрдегі бақылау жұмыстары, оқу жетістікте-
рінің карталары, сабақтың ақпараттық картасының үлгісі, төрт
типологиялық топтағы оқушыларды саралау тәсілі берілген.
«Мақсаттылық» кестесінде оқу бағдарламасының әр та-
рауы үшін оқушыларды оқытудың күтілетін нәтижелерін
special-edu.kz. special-edu.kz.
қалыптастыру арқылы оқу мақсаттары жазылған. Оқу
мақсаттары (күтілетін нәтижелер) оқу материалдарының күр-
делілігінің үш деңгейіне сәйкес қалыптастырылады. Педа-
гог төмен деңгейдегі мақсаттардан бастап біртіндеп одан
жоғары деңгейдегі мақсаттарға ауыса отырып, әртүрлі деңгей-
дегі тақырып бойынша сабақтар сериясын ретпен біртіндеп
қосады. Онымен қоса педагог сыныпта жоғары деңгейдегі
мақсаттар қолжетімді емес оқушылар бар екендігін ескеруі
қажет.Оқушыларға күрделілігі қолжетімді деңгейдегі оқу
материалдарымен жұмыс жасауға мүмкіндік беру қажет.
Технологиялық карталар тақырыптық жоспардың әр тақы-
рыбы үшін құрастырылады. Оларда оқушыларды матема-
тика пәніне оқыту үдерісінің ерекшеліктері (мазмұны және
special-edu.kz. special-edu.kz.
әдістемесі) болады. Әр технологиялық картаға төмендегілер
енеді:
- деңгейлік оқу мақсаттары;
- қайталауға қажетті материал;
- геометриялық материалды меңгеруге қатысты оқу мақ-
саттары;
- математикалық сөйлеу тілін дамыту бойынша жұмыстың
мазмұны;
- жаңа күрделі оқу материалын меңгеруге дайындық жұ-
мысы («алдын алу»), егер ол қажет болса, онда әр тақырыпқа
«алға, ілгері озу» үдерісін ұйымдастыру мүмкін;
- пәнішілік және пәнаралық байланыстар;
special-edu.kz. special-edu.kz.
- әр тақырып бойынша құрал-жабдықтар мен дидактикалық
құралдардың минималды тізімі.
Мұғалім өз тәжірибесін тірек ете отырып сыныбындағы оқу-
шыларының құрамына сәйкес технологиялық карталардың
мазмұнына толықтырулар мен өзгерістер енгізе алады.
13