Page 17 - 5.2.3
P. 17
special-edu.kz.
special-edu.kz.
енгізуі керек, олар жыл бойы электронды түрде қолданылуы
мүмкін. Оқу жетістіктерінің картасының толтырылған мате-
риалдарының негізінде педагог оқушының тоқсан, жарты-
жылдық және оқу жылының аяғында зерде бұзылыстары бар
оқушыларды жеке түрде оқытудың негізі болып отырған оқу
special-edu.kz. special-edu.kz.
жетістіктерінің сипаттамалы бағасын оңай қоя алады.
Зерде бұзылыстары бар бір сыныптың оқушыларының оқу
жетістіктері бірдей болуы мүмкін емес. Бірінші типологиялық
топтың оқушылары (В. В. Воронкова бойынша) күрделілігі
жоғары деңгейдегі дағдыларды меңгеру жетістігін (білімдерін
қолдану) көрсете алады. Екінші типологиялық топтың
оқушылары орташа деңгейдегі күрделілігі бар білім мен
дағдыларды (түсіну) меңгере алады, ал үшінші типологиялық
топтың оқушылары күрделілігі төмен деңгейдегі білім мен
дағдыларды (тану) көрсетеді. Жоғарыда аталған типологиялық
топтарға тиісті оқушылар бір тақырып аясында әрі бірыңғай
күнтізбелік жоспарға сәйкес жұмыс жасап, ортақ бағдарламаны
special-edu.kz. special-edu.kz.
орындайды. Мұғалімнің оқушылармен жұмыс жасау амалдары
және оқу жетістіктерінің деңгейлері әртүрлі болады. Төртінші
типологиялық топтың оқушылары, әдетте, жеке бағдарламамен
оқытылып, оқу жетістіктері анықталатын бұдан қарапайым оқу
материалдарын меңгереді.
Ең аз болғанына қарамастан оқушының кез келген оқу
жетістіктері оң деп қарастырылуы керек.
special-edu.kz. special-edu.kz.
15