Page 12 - 5.2.3
P. 12
special-edu.kz.
special-edu.kz.
«Шамалар мен оның өлшем бірліктері» тарауында құн,
ұзындық, масса мен уақыт өлшемдерінің өзара қатынасын
білуді бекіту бойынша жұмыс жалғасады. Ұзындық пен
массаның жаңа бірліктері километр, тонна мен грамм ен-
гізіледі. Заттардың массасын анықтауда таразыны, уақыт-
special-edu.kz. special-edu.kz.
ты анықтау кезінде сағатты, ұзындықты өлшеуде сызғышты
қолдану, тиындар мен қағаз ақшаларды алмастыру мен
айырбастау бойынша жаттығуларды орындау арқылы
практикалық жұмыстар орындалады. Оқушыларға өлшемдер-
дің өзара қатынастарын білуге негізделген ұзындық, құн
мен массаны өлшеуге арналған сандарды ауызша қо-
су мен азайтуға жаттығулар ұсынылады. Оқушыларға бел-
гілі бір азық-түліктердің құны мен массасын өздігінен анық-
тау, осы деректерді санауды орындау және жағдаяттық
тұрмыстық есептерді шешуде қолдана алатын дүкенге бару
жағдайлары пайдалы.
«Көрнекі геометрия бірліктері» тарауында бастауыш
сыныптарда оқылған түсініктер мен дағдыларды үздіксіз
special-edu.kz. special-edu.kz.
қайталауды ұйымдастыру көзделеді: нүкте, сызық, кесінді,
кесінді ұзындығын өлшеу, берілген ұзындықтағы кесіндіні
сызу; түзуді, доғал, сүйір бұрыштарды сызба үшбұрыштың
көмегімен сызу; шаршы мен тік төртбұрышты берілген өлшем
бойынша және сызба үшбұрыштың көмегімен сызу. Шеңбер
мен дөңгелек, олардың центрі мен радиусы зерттеледі.
Берілген радиус бойынша циркульдің көмегімен шеңберді
сызу жаттығулары орындалады. Бар дағдылардың негізінде
бұрыштардың түрлері бойынша үшбұрыштардың мына-
дай топтастырылуы енгізіледі: тікбұрышты, сүйірбұрышты,
доғалбұрышты үшбұрыштар, қабырғаларының ұзындығы бо-
йынша топтастыру: теңқабырғалы, теңбүйірлі, әртүрлі
special-edu.kz. special-edu.kz.
қабырғалы. Оқушыларда циркуль мен сызғыштың көмегімен
қабырғаларының ұзындығы берілген үшбұрышты сызу
дағдысы қалыптасады, онымен қоса сызу алгоритмін жазу
мен жұмыстың көрнекі кезеңдерге негізделе кесіндінің
берілген ұзындықтары бойынша қисық сызықты сызу икемі
10