Page 9 - 5.2.3
P. 9

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


                  ЗЕРДЕ БҰЗЫЛЫСТАРЫ БАР ОҚУШЫЛАР ҮШІН
                   5-СЫНЫПТА МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ
                     ҰЙЫМДАСТЫРУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
             5-сыныпта оқушылар оқу бағдарламасының төмендегідей
           тарауларының оқу материалдарын: нөмірлеуді, арифметикалық
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           амалды, арифметикалық есептерді, өлшемдерді және олардың
           өлшем бірліктерін, жай бөлшектерді, көрнекі геометрияның
           элементтерін меңгереді.
             1 000-ға дейінгі нөмірлеуді меңгеру кезінде оқушыларға
           жүздік жаңа есептеу бірлігі екендігі туралы түсінік беріліп,
           1 000-ға дейінгі толық сандармен таныстыра отырып, осы
           сандардың ондық құрамын түсінуді үйрету керек. Оқушыларда
           сандардың орналасу ретінің мағынасы қиындық туындатуы
           мүмкін. Сондықтан нөмірлеуді оқуға кіріскен кезде мұғалім осы
           материалды меңгеру жүйесін толыққанды ойластырып, қажетті
           құралдарды таңдап, практикалық жұмыстарды жоспарлап,
           жаңа білімдерді бекіту бойынша жаттығулар жүйесін алдын
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           ала ойластыруы керек.
             1 000-ға дейінгі сандардың нөмірлерін меңгеруде орналасу
           реттілігін ұстану керек:
             1) 1 000-ға дейін толық жүздіктермен санау. Толық жүздіктерді
           цифрмен белгілеу. Жаңа разряд – мыңның бірліктерін белгілеу.
             2) Жүздіктер және ондықтармен санау, жүздіктер және
           ондықтардан сандарды құрау.
             3) Жүздіктер, ондықтар және бірліктермен санау. Жүз-
           діктер, ондықтар және бірліктерден сандарды құрау.
             4) 1 000-ға дейінгі жазбаша нөмірлеу.
             5) Арифметикалық амалдар арқылы нөмірлеуді бекіту.
             Нөмірлеу барысында құралдарды қолдану оны табысты
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           меңгерудің міндетті шарты болып табылады. Мыналарды
           қолдану керек: он жүздіктен буылған 1 000 таяқша; 100
           торкөзге  бөлінген  10  шаршы;  абак,  есепшот,  разрядтар
           кестесі.  Практикалық  жаттығуларды  ұйымдастыру  жаңа
           сандардың нақты бейнелерін дайындау мақсатында тек


                                                                           7
   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14