Page 6 - 5.2.3
P. 6
special-edu.kz.
special-edu.kz.
гейін ескере отырып, үнемі сабақта және сабақтан тыс уа-
қытта шәкірттерінің әрекеттерін бақылауы керек.
Білім беру үдерісін толыққанды ұйымдастыру мақсатында
оқулық пен баспа негіздегі жұмыс дәптері енетін оқы-
ту құралдары маңызды болып табылады. Мұғалім бір сы-
special-edu.kz. special-edu.kz.
ныптың оқушыларының абстрактілі математикалық мате-
риалды меңгеруде бірдей емес мүмкіндіктерін ескере оты-
рып, оқулық пен жұмыс дәптерінің мазмұнын қолдануда
баламасын таңдауы қажет.
Ақыл-ой бұзылыстары бар оқушылар үшін математикалық
ұғымдарды енгізу, заңдар мен ережелерді қалыптастыруға
қажетті жалпылау және абстрактілеу қабілеттері төменде-
тілген. Бесінші сыныпта, әсіресе жаңа ұғымдар мен матема-
тикалық қатынастарды енгізу кезеңінде көрнекілік амалдарын
қолдану өзекті болып табылады. Қажет болған жағдайда оқу-
шылардың практикалық әрекеті ұйымдастырылады. Мате-
матикалық материал өмірлік жағдаяттармен тығыз бай-
special-edu.kz. special-edu.kz.
ланыста оқытылуы керек, сол себепті оқушылардың күнделікті
тәжірибесін үнемі кеңейтіп отыру керек. Саяхат-сабақ-
тар, практикалық жұмыстар, математика пәні бойынша кірік-
тірілген сабақтар, мысалға, әлеуметтік-тұрмыстық бағ-
дарлануы қажет.
Әдістемелік нұсқаулықта ақыл-ой бұзылыстары бар оқу-
шыларды математика пәніне оқыту үдерісінің жобасы бе-
рілген, оның құрамында: жобалы түрдегі тақырыптық
жоспарлау, деңгейлік мақсаттылық, оқу тақырыптарының
технологиялық карталары, деңгейлік мақсаттылыққа сәйкес
әр тақырыпқа арналған үлгі түріндегі бақылау тапсырмалары,
әр оқушының материалды меңгеру деңгейін белгілеу үшін оқу
special-edu.kz. special-edu.kz.
жетістіктері карталарының формалары, сабақтың ақпараттық
картасының үлгісі бар. Оқу үдерісінің материалдары мен
оқушылардың мүмкіндіктеріне негізделе отыра, мұғалім әр
оқушының табысты түрде оқытылуының жеке траекториясын
құрастырады.
4