Page 7 - 5.3.3
P. 7

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


               ОҚУЛЫҚ ПЕН ЖҰМЫС ДӘПТЕРІН ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ
                            ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

             Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған оқу және
           тіл дамытудың типтік оқу бағдарламасы – оқулық пен жұмыс
           дәптері оқу мазмұнына сәйкес келетін оқу құралдары.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
             Оқулық пен жұмыс дәптеріндегі оқу материалы ақыл-ой
           кемістігі бар оқушылардың логикасын, оқу мен сөйлеу тілін
           дамытудың арнайы әдістемесіне сәйкес іріктелген.
             Оқу құралы мұғалімді дәйектілікпен бағыттайды және
           оқушылардың қызметтерін сипаттау арқылы қалыптасқан
           білім  беру  бағдарламасындағы  әр  тақырып  бойынша
           күтілетін  нәтижелерді  анықтайтын  кестемен  аяқталады.
           Сондай-ақ 5-сыныпта оқу үдерісінде жүзеге асырылуы тиіс
           әртүрлі тақырыптар көрсетілген.
             Оқулық пен жұмыс дәптерінің әдістемелік құралы күр-
           делілік тұрғысынан бірдей емес. Тапсырманың күрделілік дең-
           гейінің шартты белгілері бар. Шартты белгі ретінде түрлі түсті
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           шеңберлер қолданылады. Жасыл шеңбер – күрделіліктің
           бірінші (төменгі) деңгейін білдіреді. Мұнда мұғалімінің тап-
           сырмасы бойынша оқушыдан тақырыпты білу немесе суретті
           әңгімелеу талап етіледі.
             Сары шеңбер – күрделі оқу тапсырмасының екінші дең-
           гейі, мұнда мәтіннің мазмұнын түсіну және мұғалімді қай-
           талай отырып жеке сөйлеу, оқушыға сөздерді, сөз тіркестерін
           қолдану ұсынылады.
             Қызыл шеңбер – күрделіліктің үшінші деңгейі, оқулық пен
           жұмыс дәптеріндегі әдістемелік аппаратқа сүйене отырып
           өздігімен талдау, салыстыру және жалпылауды жүзеге асы-
           руды көздейді.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
             Оқушының тапсырмасының күрделілігі сіздің оның же-
           тістігін  байқауыңызға  байланысты  таңдалады.  Есіңізде
           болсын, кез келген оқушы тапсырмалардың күрделілік дең-
           гейінің  барлығына  қол  жеткізе  алмайды.  Оқушы  өзінің
           қабілетіне қарай, мысалы, бірінші деңгейдегі күрделіліктің


                                                                           5
   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12