Page 8 - 5.3.3
P. 8
special-edu.kz.
special-edu.kz.
материалы мен ғана жұмыс істеуге құқылы. Осыған
байланысты оқулықта сыныптағы нашар оқитын оқушылар
үшін жасыл түспен жазылған жеңіл сөздік материалдар
берілген. Бұл оқу үдерісінде сыныптағы барлық оқушыларды
жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Жұмыс дәптері
special-edu.kz. special-edu.kz.
оқулықтың мазмұнын толықтырады және оқушы жұмыс дәп-
термен әр сабақта жеке жұмыс жасайды.
Сыныпта басқа оқушылардан кейін жұмыс дәптерімен
айналысатын оқушылар болуы мүмкін. Олар дайын болған
кезде ғана жұмысқа кірісуге мүмкіндік беру керек.
Білім алып жатқан оқушылар, жазу жұмысының (бастыру,
бояу, штрихтау) тек жұмыс дәптерінде орындалуы керектігін
түсінуі қажет. Оқулықты қарындаш, қаламмен сызуға, бояуға
болмайды.
Оқушының дәптерге деген графикалық қызметі заттық-
практикалық жағын толықтырып қана қоймай, сонымен қатар
кейін торкөзді дәптермен жұмыс жасауға дайын болуын
special-edu.kz. special-edu.kz.
қамтамасыз етеді.
Жұмыс дәптерінде жаттығу тапсырмаларын орындау
үшін оқушыда алдымен белсенді қызметтерді қалыптасуды
керек етеді. Олар: қарау, сұлба бойынша бастырып сызу,
қайта өңдеу және т.б. Оқушының зейінін қалыптастыру, тал-
дау және жинақтау әрекетіне, салыстыруға, көрнекілікті
үйлестіруге, өзін-өзі бақылауды дамытуға жағдай жасалады.
Әр тараудың соңында мұғалім өткен тақырыптарды
сұрақтар, суреттер, тапсырмалар арқылы еске түсіріп
қайталайды, жүйелейді. Мысалы, Жануарлар тарауы бо-
йынша мұғалім осы тарауда берілген өлеңдер, әңгімелерді
суреттер арқылы естеріне түсіруді сұрайды, әңгімелейді.
Оқушылар үй жануарларын, жабайы аңдарды атайды.
special-edu.kz. special-edu.kz.
Олардың айырмашылығын салыстырады т.б.
Оқу жылының соңғы тоқсанында бөлімдер мен тақырып-
тарды өзіндік жұмыстарының қорытындыларын, жеткен
жетістіктерін сараптама үлгісінде папкаға жинаңыз. Мысалы,
6