Page 141 - 7.3.1
P. 141
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Соны айтты да, ол маңғазсына, жан-жағына тәкап- special-edu.kz.
парлана қарады. Сөйтіп, байқаусызда ол ас пісіруші әйел
жуынды құйып жатқан ыдысқа түсіп кетті.
– Мен суға жүзіп, сапарға аттандым! – деп айғай сал-
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
ды тебен. – Тек жоғалып кетпесем екен. Мен қылдаймын,
мен бұл дүние үшін жаралғам жоқ. Бірақ мен өз бағамды
өзім білемін, маған ұнайтыны осы!
Сонымен тебен ине көшедегі арыққа түсті. Оның үсті-
нен не қалқып өтпеді: жаңқалар, сабан, газет қиқымы...
– Қараңдар, қалай-қалай қалқып келеді, – деді тебен. –
Тап мына жерде кімнің жатқанын олар білмейді. Бұл жер-
де мен жатырмын, мен бармын! Міне, бір тал сабан жүзіп
келеді... Ой, шіркін, шырқ үйіріліп айналуын-ай! Сақ бол,
әйтпесе тасқа соғылып тас-талқаның шығады. Әне, газеттің
қиқымы жүзіп келеді. Онда не жазылғанын жұрт ұмытып
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
та үлгерді. Ал оның далбақтаған түрін қарай гөр?..
– «Мен осы Күн нұрынан жаралдым-ау» деген ой келеді
маған. Өйткені қылдай жіңішкемін, – деді ол өзіне-өзі. –
Мен болсам, өз бағамды өзім білемін. Бұл қасиетті менен
ешкім де тартып ала алмайды.
Сөйтіп, тебен ине түрлі ойға батып жата берді. Мейлі,
жатса жата берсін...
1. Әңгімені түсініп оқы. «Мен өз бағамды өзім білемін»
деген пікірдің мәнін түсіндір.
2. Автор инені, оның қылықтарын қалай суреттейді?
3. Инені қалай атауға болады? Сәйкес сөздерді таңда: тәкап-
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
пар, қызғаншақ, еңбекқор, досқа адал, жалқау, маңғаз?
4. Ал сен өз бағаңды білесің бе?
5. Өз бойыңдағы қандай қасиеттерді бағалайсың?
1. Әңгімені дауыстап оқы. Әңгіме ішінен иненің өзі туралы
пікірін білдіретін сөздерді таңда: жіңішке, ... , ... , ... .
2. Ине саған ұнады ма/ ұнамады ма? Несімен?
3. Тебен инені не үшін пайдаланады? Әңгімеде ине қандай жұ-
мыс істеуге қарсы болды? Ол нені жақсы көрді?
139
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.