Page 143 - 7.3.1
P. 143
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Қайран сағатым special-edu.kz.
Менің бір жаңа әдемі сағатым болды. Жыл жарымдай ол
жақсы жүрді. Озған да жоқ, қалған да жоқ. Бір рет тоқтаған
да емес, бұзылған да емес. Сол сағатымды бір күні бұрауды
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
ұмытып кетіппін. Бұған өзім де қатты қынжылып қалдым.
Себебі, мұндайды жұрт жақсыға жорымайтын.
Келесі күні сағатымды дәлдеп алайын деп ең таңдаулы
дүкенге бардым. Фирманың басшысының өзі сағатымды
қолына алды да, айналдырып қарай бастады. Біраз үнде-
мей тұрған соң, ол: «Төрт минуттай артта қалады. Рет-
теу үшін қозғау керек», – деді. Мен оған қарсы шығып,
сағатымның өте дұрыс жүретінін айттым. Бірақ әлгі адам
сөзімді тыңдаған жоқ. «Ойбай, сағатыма тиісе көрмеңіз», –
деп айтқаныма қарамастан өзінің қара ниетін білдірді.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Сол, сол-ақ екен, сағатым оза бастады. Шабысын күн-
нен-күнге үдетті. Бір жетіден соң нақ бір безгек болған-
дай-ақ соғуы елуге жетті. Ақыры шыдай алмай, сағат-
шыға апардым.
Сағатшы: «Бұдан бұрын жөндеуге түскен бе еді?» –
деп сұрады. Мен сағатыма әлі жөндеудің қажеті бола
қоймағанын айттым. Сағатшының көзі жарқ ете қалды
да, дереу қақпақтарын ашты. «Сағатты тазалап майлау
керек», – деді.
Тазалаудан, майлаудан кейін сағатым өте баяу жүретін
болды. Мен енді пойызға кешігуді шығардым. Келісілген
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
кездесулерден қалып қойып жүрдім. Бір күні байқасам,
сонау өткен жетінің ортасында келе жатқан сияқтымын.
Сағатшыға тағы бардым. Менің көз алдымда ол сағат-
тың ішкі механизмін шығарып алды. «Корпусы қисайып
кетіпті», – деп үш күн жөндеді.
Бұдан кейін сағатым зіркілдеп қатты жүретін бол-
ды. Шықылдайды, түшкіреді, үреді, пысқырады... Тіпті
менің өз даусымды да естіртпейді.
141
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.