Page 47 - 7.3.3
P. 47

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


                              Оқығанды айтып беру

             Оқығанды айтып беру мақсаты – оқушылардың оқығанын,
           мазмұнды қаншалықты дұрыс түсініп, сезінгенін анықтау.
           Мазмұнды баяндағанда, оқушылар өз сөздерімен айтуға,
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           жоспарлы біркелкі айтуға жаттығады. Шығарманың мазмұ-
           нына,  көлеміне,  көздеген  бағытына,  оқушылардың  жас
           ерекшелігіне қарай сабақты қайта айтып берудің түрлері
           қарастырылады. Ауызша суреттеу, толық, қысқаша айту,
           іріктеп (теріп) айту, басқаның атынан айту, ұқсастырып айту.


                                Қорытынды әңгіме

             Қорытынды  әңгіменің  мақсаты  –  оқушылардың  терең
           ойлап, барлық қорытындыларды түсінуі. Бұл әңгімеге қо-
           рытынды  сұрақтары  енеді.  Мұнда  кейіпкерлердің  мінез-
           құлқы талқыланып, оқушылар мен мұғалімнің өмірге деген
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           көзқарасы  анықталады.  Қорытынды  әңгімелер  шығарма
           толық оқылып біткенде өткізіледі.

















 special-edu.kz.                           special-edu.kz.










                                                                          45
   42   43   44   45   46   47   48   49   50