Page 42 - 7.3.3
P. 42

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


              Оқу сабақтарында көрнекілік қағидаларын толығымен
           жүзеге асыру мүмкіншілігі шектеулі балалардың танымдық
           қабілеттерін арттырып, олардың сөйлеу және ойлау қабі-
           леттерін жетілдіреді. Оқушылардың ақыл-ойының жан-жақ-
           ты дамуына ықпал жасап, олардың оқу дағдысын қалып-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           тастырады.
              Оқу сабақтарында көрнекілік қағидаларын жүйелі түрде
           жүргізу  балаға  оқу  және  өмірлік  тәжірибеден  әртүрлі
           ақпараттарды үнемі беріп тұруға мүмкіндік жасайды.
              Арнайы  мектептердің  мұғалімдерінің  әдістемелік
           құралында әртүрлі көрнекі амалдар бар. Мұнда арнайы
           дайындалған көрнекі оқу құралдары және көптеген пәндік
           кітаптар,  нақты  қызметтегі  үдерістер  мен  құбылыстар
           жеткілікті. Осы арқылы балалар өмірде не болып жатқанын
           түсінеді. Сонымен қатар экскурсияға барған кездерінде де
           талай  нәрсеге  көздерін  жеткізеді.  Сондай-ақ  сызбалар,
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           графиктер, карталар, кестелер де кеңінен пайдаланылады.
              Көрнекі  құралдарды  тиісті  жерінде  дұрыс  әрі  ұқыпты
           пайдалану мол қайтарым және жақсы нәтиже береді. Мұнда
           әсіресе көрнекі құрал мен мәтіндік материалдар арасында
           тығыз байланысты орнатуға көңіл бөлу керек.
              Оқу сабақтары үшін нақты көрнекі құралдарды іріктеп алу,
           ең алдымен, оқу әдісі мен тәсіліне сәйкес келетін әдістемелік
           заңмен  реттеледі.  Сонымен  қатар  көрнекі  құралдарды
           таңдап алу мәтінмен жұмыс істеудің жекелеген кезеңдері
           мен  түрлерін  анықтайтын  нақты  методикалық  мақсатқа
           байланысты.  Көрнекі  құралдарды  іріктеу  кезінде  нақты
           көрнекіліктердің  сипаттық  қасиеті  мен  мүмкіндіктерін  де
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           естен шығармау керек. Сонымен қатар көрнекі құралдарды
           іріктеу барысында оның психологиялық аспектілеріне терең
           мән беру керек.
              «Көрнекі материалдарды іріктеп алу барысында, – дейді


           40
   37   38   39   40   41   42   43   44   45   46   47