Page 43 - 7.3.3
P. 43
special-edu.kz.
special-edu.kz.
профессор А. Н. Леоньтев, – мына төмендегі екі бірдей
психологиялық аспектілерге назар аударған жөн: 1) көрнекі
құралдар нақтылы қандай рөл атқарады және 2) осы көрнекі
құралдың белгілі бір затқа қандай қатысы бар, оны оқушының
түсінуі мен қабылдауы қандай дәрежеде болмақ?»
special-edu.kz. special-edu.kz.
Ең бір негізгі сәт – сабақ оқыту барысында жаңадан өтетін
сабақтың белгілі бір сабақтан өзіндік ерекшелігі болуы тиіс.
Мұндай жағдайда қағазға басылған мәтіннің маңызы ерекше.
Мәтінмен жұмыс істеу – сабақ өткізудің басты ерекшелігі.
Мұның өзі көрнекі құралға бағындырылып тұруы міндетті.
Оқу және ғылыми-көпшілік мәтіндерді іріктеу барысында
көрнекі құралдар әртүрлі қызметтер атқарады. Осы ретте біз
мәтіндерді оқу барысындағы бірнеше ерекшелікке тоқтал-
мақпыз.
Біріншіден алғанда, көрнекілік белгілі бір мәтіннің маз-
мұнын нақтылай түседі. Әлдебір пәндегі негізгі білім мен
special-edu.kz. special-edu.kz.
мәліметтер немесе құбылыстарды оқушылар әуелі мәтіннің
өзінен алады, ол мәтіннің мазмұнына қатысты көрнекілік
бағынышты рөл атқарады. Бұл жерде ол балалардың
сезінушілік тәжірибесін байытып, оқылған материалдағыны
құбылыспен байланыстыруға көмектеседі. Сонымен бірге
көрнекілік мақалада кездескен сөздер мен терминдердің
маңызын балалардың тереңірек түсінуіне ықпал жасайды.
Тарихи және табиғаттануға байланысты мақалаларды
оқыған кезде де осыған көбірек көңіл бөлген жөн.
Екінші жағдайда көрнекі құрал мәтіндегі материалда бас-
қаша қырынан танылады. Бұл орайда болмыс немесе белгілі
бір зат оқушылардың көз алдына айрықша түсінікті түрде
special-edu.kz. special-edu.kz.
жеткізіледі. Олармен бетпе-бет келгенде, оқушылар жаңағы
заттың немесе болмыстың өзіндік ерешеліктерін айқынырақ
танып біледі. Яғни, олардың заңдылық құбылыстарын және
басқа да ерекшеліктерін танып білуіне толық мүмкіндік
41