Page 38 - 7.3.3
P. 38

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


              4.  Психологиялық-ұстаздық  негізге  сүйене  отырып
           әртүрлі  мәтіндердің  талдауын  анықтайтын  төмендегі
           әдістемелік шарттарды ұсынуға болады:
              а) Шығарма мазмұнын талдау және оқу әдістерінің қалып-
           тасуы  мәтіннің  мазмұнын  түсінуге  бағытталған  біріккен
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           үдеріске қосылады (оқу тәсілін дамытатын тапсырмалар
           беру).
              ә) Шығарманың сюжеттік жағын, сурет композициясын
           ажырата білу арнайы мектеп оқушыларының толық азамат
           болып қалыптасуына және олардың сөйлеу мәдениетінің
           дамуына көмектеседі.
              б)  Балалардың  өмірлік  тәжірибесіне  сүйену  сол
           шығарманы  түсініп, оны қабылдаудың және түсінудің ең
           керекті шарты болып табылады.
              в)  Шығарманы  талдаудағы  негізгі  фактор  –  бұл  оның
           оқушыларға  эмоциялық  әсер  етуі.  Мәтінді  талқылау  ой-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           сезімді  оятып,  өз  пікірін  білдіруге  деген  ынтаны  тудыру
           керек және өзінің өмірлік тәжірибесін автор көрсеткен фак-
           торлармен салыстыруы тиіс. Шығарманы талдау үдерісінде
           логикалық талқылау эмоционалды – бейнелі талқылаумен
           байланыста болуы негізгі шарт.



                     Оқу және тіл дамыту сабақтарындағы
                                сөздіктермен жұмыс
              Арнайы мектептерде сөздіктермен жұмыс істеудің маңызы
           зор.  Жалпы  қалыптасқан  тәртіп  бойынша  мүмкіншілігі
           шектеулі оқушыларға арналған сөздіктердің сипаты да өз-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           гешелеу болатындығы белгілі. Көбіне-көп оларда біркелкілік
           басым және сын есім, көмекші етістіктер, дерексіз ұғымдағы,
           жалпы (жинақтау) мағыналы сөздердің қоры өте шағын.
           Көпмағыналы сөздерді, әсіресе олардағы түсініктің ауысып


           36
   33   34   35   36   37   38   39   40   41   42   43