Page 34 - 7.3.3
P. 34

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


              Тәрбиелік міндеті мәтіннің нақты көркемдігіне жақсы
           назар аудару болып табылады. Оқу сабақтарының тәрбиелік
           және  білімділік  бағыттары  бір-бірімен  тығыз  орайлас.
           Сондықтан да бізге бұл мәселені тартымды байланыста
           қарастырып, біртұтас тәрбиелік үдерісте жүргізу – бірінші
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           талап. Осы тұрғыда оқу сабақтарының тәлімдік-тәрбиелік
           міндеттері тек қана мазмұндық жақты ғана емес, сонымен
           бірге әртүрлі әдістемелік жақты да қамтиды. Бұл дегеніміз –
           мұғалім оқушылардың тәлімдік қызметін басқарумен қатар,
           олардың жан-жақты дамуына қол жеткізу деген сөз.
              Түзете-дамыту  міндеті  арнайы  мектепте  оқу  сабағы
           жалпы міндеттермен қатар зерде даму бұзылыстары бар
           балалардың қабілетін жақсарту парызын атқарады. Олардың
           сөйлеу мәнері, оқу дағдылары біртіндеп дамиды. Логикалық
           ойлау жүйесінде кейбір кемшіліктер түзетіледі. Мәтінді оқу
           үстінде атқарылған тиісті жұмыстар образдық қабылдаудағы
           кемшіліктерді  түзетуге  көмектесіп,  оқушылардың  сөздік
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           қорын көбейтіп, белгілі бір жағдайда өзінің сөйлеу әдісін
           қалпына келтіруге дұрыс жағдай жасайды.

              2. Зерде даму бұзылыстары бар оқушыларды оқыту
           әдістемесінің ерекшеліктерi
              Арнайы  мектептердің  сыныптарындағы  оқу  және  тіл
           дамыту  сабағын  оқытудың  негізінде  кітап  оқуды  үйрену
           және  оқу  қабілетін  дамытып  қалыптастыру  сияқты  аса
           маңызды  психологиялық  құбылыстар  қарастырылады:
           қабылдау  ерекшеліктері,  мәтіннің  мазмұнын  түсіну,
           мәтінді талдау, әңгімелеу т.б. Мысалы, кейбір оқушылар
           мәтіннің мазмұнын баяндағанда, оның негізгі ойы толық
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           ашылмайды немесе бұрмалап ашылады. Осы жағдайда
           әңгіменің жүйелілігі бұзылып, ауытқиды. Оқушының әдеби
           сөздік қорының аздығы және сөйлемді құрастырып айтуда
           сөздердің реттілігін сақтай алмайды. Сөйлемдегі сөздердің


           32
   29   30   31   32   33   34   35   36   37   38   39