Page 32 - 7.3.3
P. 32
special-edu.kz.
special-edu.kz.
«Маугли» шығармасы өте көлемді болғандықтан сыныптан
тыс оқуға ұсынылады;
б) берілген тақырыптағы жұмбақтарды, мақал-мәтелдерді
газет- журналдардан, интернеттен іздеуге үйрету. Мысалы,
«Алдаркөсе» туралы оқығанда, кейіпкердің толық образын
special-edu.kz. special-edu.kz.
қалыптастыру үшін «Алдаркөсе» кинофильмін интернеттен
тауып көру ұсынылған;
в) басқа пәндерден алған білімдерімен байланыстыра
отырып, кіріспе әңгімде жүргізу. Мысалы, «Асанқайғының
жерұйықты іздеуі» деген әңгімені оқығанда, Қазақстан
жерлерін физикалық картадан көрсету арқылы география
пәнімен байланыстыру.
Осы сияқты жұмыстарды іске асыру оқытылады. Мұғалім
өзі жатқа айтқан не оқып берген мәтіннің мазмұнын оқушы-
лардың түсінген-түсінбегенін білу үшін сұрақтар қоюға
болады. Ол сұрақтар өтілген шығарманың мазмұнын бере-
special-edu.kz. special-edu.kz.
тіндей болуы тиіс. Егер оқушылар қойылған сұрақтарға жа-
уап берсе, онда олардың әңгіме мазмұнын түсінгені. Міне,
осындай жұмыстар жүргізу арқылы мұғалім оқыған мәтінді
оқушылардың қаншалықты ұққанын байқауына болады.
Оқыған мәтіннің мазмұнын айтудың өзі түрліше болады:
оқығанның мазмұнын мұғалімнің қалауына, тыңдауына қа-
рай айту, дайын жоспар бойынша айту, толық және қыс-
қаша айту. Мұғалім шығарма мазмұнын олардың қай түрі-
мен айтқызамын десе де ерікті, тақырыпты мұғалімнің жат-
қа айтуы немесе оқуы оқушыларға үлкен әсер етеді. Бұ-
дан оқушылар шығарманың көңіл күйін, интонациясын
қабылдауға жаттығады.
special-edu.kz. special-edu.kz.
6-сыныптан бастап оқушылар шығармаға жоспар бойын-
ша мазмұндауға үйренеді. Алдымен дайын жоспарға сүйене
отырып мазмұндайды. Мысалы, «Ұр, тоқпақ!» ертегісін
алатын болсақ, дайын жоспар ұсынылады:
30