Page 28 - 7.3.3
P. 28

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


           тағы материалды қайталауға уақыт бөлінеді. Бұл сабақты
           бекітуге көмектеседі.
              Оқу үдерісін ұйымдастыру барысында мұғалім гигиена-
           лық талаптарды орындауға мән береді. Оқушылардың сабақ-
           тағы қалпын бақылап, таным үдерістерінің ерекшеліктерін
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           үнемі ескеріп отыру керек. Сондықтан сабақ барысында
           тақырып мазмұнына сай көрнекілік суреттер, табиғи заттар,
           дидактикалық  ойындар  қолдану  қажет.    Сіздің  тағы  бір
           міндетіңіз оқушылардың мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашу
           екенін ұмытпау қажет. Ол үшін бақылау әдісін қолданыңыз.
           Мысалы, Сәкен Сейфуллиннің «Қызыл шұнақ» деген өлеңін
           оқығанда,  оқушылар  көз  алдына  елестеу  арқылы  қыс
           мезгілінің белгілерін атайды. Қар, қардың қасиеттері, аяздың
           белгілері және оны сипаттайтын сөздерді салыстырады.
           Қорытынды жасағанда осы сөздерді пысықтайды.

 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
               Арнайы мектепте мәтінді оқыту технологиялары


              Арнайы мектептің оқулықтарындағы түрлі тақырыптық
           мәтіндерді дұрыс түсініп, мәнерлеп қабылдату үшін әртүрлі
           бағытты жұмыстар жүргізіледі. Мәтінді оқыту барысында
           алдымен дайындық жұмыстар өткізіледі: алдын ала жүргі-
           зілген әңгімеде мұғалім оқылатын мәтінде кездесетін жаңа
           сөздер мен қиын ұғымдарды түсіндіруді ұмытпағаны жөн.
           Әңгіменің ішіндегі түсінбеген сөздердің мән-мағынасын біліп
           алмайынша, оны оқығанда мазмұнын ұғу мүмкіншілігі шек-
           теулі балаларға қиынға соғады.
              Жаңа материалды түсініп қабылдау үшін сабақ үстінде
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           мынадай жұмыстар жүргізіледі:
              Кіріспе әңгіме.
              Сөздік жұмысы.
              Сұрақтар арқылы не түсінгенін, қалай түсінгенін байқау.


           26
   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32   33