Page 31 - 7.3.3
P. 31
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Жұмыстың көздейтін мақсаты – балаларға шығармашы-
лық толық та саналы қабылдауға мүмкіндік туғызу. Дайындық
жұмысында қандай әдіс-тәсілдер қолдануға болады?
а) Оқушының өзіне әңгіме айтқызу;
ә) мұғалімнің кіріспе әңгімесі;
special-edu.kz. special-edu.kz.
б) ұжымдық түрде әңгіме айту.
Әңгіме барысында оқушыларға қосымша материал беру
немесе бұрын өткен материалды қайталау тиімді.
а) экскурсияда білгендерін пайдалану (серуен, саяхат);
ә) суреттерді қарау;
б) сұрақтар қою.
Кіріспе сөз тақырыптары аша алатындай болуы тиіс.
Ұзақтығы – 3-5 минут. Мәтінді мұғалім өзі оқиды.
Мәтінді оқымас бұрын мұғалім оқушылардың қызығушы-
лығын оятып, назарын аударуы қажет. Түсініксіз сөздерді
бірде оқушылардың өздеріне айтқызып, бірде өзі атап, оқу-
special-edu.kz. special-edu.kz.
шылардың түсінігін жанама жетекші сұрақ арқылы анық-
тау тиімді.
2. Мәнерлеп оқуға арналған әдіс-тәсілдер.
1. Мұғалімнің оқуы – тыныс белгілерін сақтай отырып оқу.
Осылай оқылған кезде ғана оқушылар мұғалімнің оқығанына
еліктейді.
2. Сабақ соңында оқушыларды дұрыс, жылдам оқытып
алғаннан кейін ғана рөлдеп оқытуға үйретуге болады.
3. Инсценировка. Мысалы, ертегілерді оқығанда, оқушы-
ларға аңдардың бетпердесін кигізіп, қимыл-дыбыстарын
келтіріп салдыру.
Мәтін бойынша атқарылатын жұмыстар:
special-edu.kz. special-edu.kz.
а) оқылатын мәтінге дайындық ретінде алдын ала экс-
курсияларға шығару, әртүрлі тәжірбие жасату;
ә) өтілетін тақырып мазмұнын толықтай қамту үшін
сабақтан тыс оқуға беру. Мысалы, Р.Киплингтің аса танымал
29