Page 30 - 7.3.3
P. 30
special-edu.kz.
special-edu.kz.
данады. Шығарманы оқыған кезде оқушыға елес туады.
Бұл оқушының сезімін қозғайды. Мысалы, Жүсіпбек
Аймауытовтың «Қартқожаның туған жері» деген әңгімесін
оқығанда, қайнаған ауыл тіршілігін көз алдына елестетіп,
өз туған жерін есіне түсіреді және өзінің туған жеріне деген
special-edu.kz. special-edu.kz.
сезімдерімен бөліседі.
1. Мәтінді саналы түрде түсініп оқуға дағдыландыруға
арналған әдіс-тәсілдерге тоқталайық: ол оқығанының маз-
мұнын ұғып, ондағы суреттерден адамдардың өзара қарым-
қатынасын, іс-әрекетінің болу себебін анықтайды. Автордың
не айтқалы тұрғанын түсіне алады.
7-сыныптағы оқу сабақтарында оқушылардың оқу дағ-
дысын қалыптастыру негізінде оқығандарын қабылдау,
түсіну мүмкіндіктерін арттыру мақсаты көзделгенімен, оны
іске асыру өте қиын. Мәтінді оқушылардың тезірек меңгеріп
кетуі үшін мұғалім әрбір жеке сөздің мән-мағынасына ба-
special-edu.kz. special-edu.kz.
ланың көңілін үнемі аударып, оған сөйлемдегі сөздердің
арақатынасын байланыстырып, мәтіннің негізгі ой-бағытын
аңғартып отыру қажет.
Ол оқылғалы отырған шығармадағы оқиғаға ұқсас ба-
ланың өз өмірінде болған оқиғаларды еске түсіру сияқты
тәсілдерімен өткізіледі. Алдын ала жүргізілген әңгімеде
мұғалім оқылған мәтінде кездесетін жаңа сөздер мен қиын
ұғымдарды түсіндіруді ұмытпағаны жөн. Бұларды біліп
алмайынша, әңгіменің негізгі идеясы мен мазмұнын ұғу
балаларға қиынға соғады. Кіріспе әңгіменің ұзақтығы оқы-
латын материалдың ауыр, жеңілдігіне байланысты. Соны-
мен, шығарманы оқуға дайындық жұмысы, біріншіден,
special-edu.kz. special-edu.kz.
балаларды оқылатын әңгіменің мазмұны мен ондағы кейіп-
кердің ісін саналы түрде білуге дайындау. Екіншіден, оқы-
латын әңгіменің мазмұнына қызықтыру; үшіншіден, ондағы
сөздер мен ұғымдарды түсіндіру мақсатында жүргізіледі.
28