Page 26 - 7.3.3
P. 26

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


            Оқу тақырыптарының атауы ретінде бағдарламаның
                             бөлімдері қолданылады:

              Пәнді оқыту барысында тарау бойынша келесі тақырыптар
           қамтылуы тиіс:
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
              1. Халық ауыз әдебиеті: Тұрмыс-салт жырлары, шешендік
           сөздер, мақал-мәтелдер, ертегілер, аңыз әңгімелер, жұм-
           бақтар.
              2. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті: Д. Бабатайұлы, М. Өте-
           місұлы, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбайұлы, Ш. Құдайбердиев.
              3. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті: С. Көбеев, М. Дулатов,
           Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, С.Торайғыров, С. Сейфуллин,
           Б. Майлин, І. Жансүгіров, А.Тоқмағамбетов.
              4. Заманауи қазақ әдебиеті: Д. Әбілев, С. Сарғасқаев,
           Н. Қазыбеков, Е. Өтетілеуов, С. Қалиұлы, Ш. Күмісбайұлы,
           Ш. Сариев, Н. Айтов, Ө. Ақыпбекұлы.
              5. Әлем әдебиеті: А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов, Ф. В. Су-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           хомлинский, В. Крылов, Ханс Кристиан Андерсен, Р. Кип-
           линг, Марк Твен, Д. Родари, Назым Хикмет, Р. Ғамзатов.
              Хронологиялық ретпен орналастыру оқу материалын, өті-
           летін шығармалардың мазмұнын, кейіпкерлер әрекетінің
           себеп-салдарын тарихи кезең ерекшелігімен байланыстыра
           отырып автордың негізгі ойын анықтауға мүмкіндік бере-
           ді. Бұл үлестірім осы нұсқаулықтарда берілген оқыту тақы-
           рыптарының технологиялық карталарында көрсетілген.
              Оқу тақырыбындағы технологиялық карталар күнтізбелік
           жоспардың әрбір тақырыбы үшін жасалады. Олар мұғалім
           мен оқушының бірлескен жұмысының мазмұнын тақырыптық
           жүйе арқылы ашып көрсетеді. Мысалы, «Халық ауыз әде-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           биеті» тарауы бойынша оқушылар 6-сыныпта өтілген мате-
           риалды қайталайды. Сонымен бірге, халық ауыз әдебиетінің
           басқа түрлері – шешендік сөздер мен аңыз әңгімелермен
           танысады.


           24
   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31