Page 35 - 7.3.3
P. 35

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


           жалғауларын  жеткізбей  айтады.  Сондықтан  сөйлемдегі
           айтылатын ой түсініксіз болады. Оқушының бойындағы осы
           ерекшеліктер мәтіннің мазмұнын дұрыс әңгімелеп беруге
           кедергі жасайды.
             Психологтар В. Г. Петрова, В. А. Сумарокова, И. В. Беляко-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           ва және басқалардың зерттеулерінде оқушының адамдық
           қасиеттерінің    дамуына  ерекше  мән  береді.  Сондықтан
           мүмкіншілігі  шектеулі  балаларды  осыған  үйрету  қажет.
           Зерде даму бұзылыстары бар оқушыларға бұл қасиет тән.
           Олар  мәтіндегі  cалдарын,  кейіпкерлердің  іс-әрекеттерін
           түсіндіру үшін өмірдегі соған ұқсас оқиғаларды  және оның
           не себептен болғанын айтып сұрақ қойғанда, кейбір қызық-
           ты көріністерді ғана естерінде сақтап қалады. Әдетте, олар
           мәтіннің мән-мазмұнын дамуының бір жүйемен өрбуін түсіне
           бермейді. Осының салдарынан оқиғаның негізгі мазмұнын
           түсініксіз қалып, кейбір қосымша оқиғалар басты тақырып
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           болып  қабылданады  да,  шығарма  өз  мән-мазмұнын
           жояды.  Психологтардың түсіндіруі бойынша, оқушылардың
           мәтінді осылай теріс мәнде түсінуіне байланысты мәтіндегі
           кейбір  сөйлемдер  мен  сөздерді  дұрыс  қабылдамауына
           әкеліп соқтырады. Баланың сөйлеу қабілетінің нашарлығы
           шығарманың  мән-мазмұнының  түсінбеуіне  әсер  етеді.
           Оқушылар көбіне синоним сөздерді түбірлес сөздермен
           шатастырып алады. Ол сөздердің мағынасына қарап емес,
           айтылуына қарай ұғынады. Өзі оқып шыққан сөйлемдердің
           дұрыс түсінуіне кері әсер ететін күш – ол баланың бұрынғы
           өз  тәжірибесін    қолдануында.  Ал,  мұғалім  оқиға  желісін
           балаға  баяндағанда,  әр  оқушының  өзін  соған  еліктіре,
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           оқиға  қызыға  түсінуіне  жетелеуі  қажет.  Арнайы  мектеп
           оқушыларына тән қасиет – шығарманы оқығаннан кейін,
           баланың  ой-өрісі  баланың  кейіпкерлер  іс-әрекеттерінің
           өрбуін толық елестете алмауы. Сондықтан олар шығарманы


                                                                          33
   30   31   32   33   34   35   36   37   38   39   40