Page 37 - 7.3.3
P. 37

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


             Берілген  білімнің  тиянақты  болуы  тапсырмаларды
           орындағанда  оқушылардың  өз  бетімен  жұмыс  істей  алу
           дәрежесіне,  материалдың  күрделілігіне  және  олардың
           қанша  жылдан  бері  оқып  жүргеніне  байланысты.  Ал
           тапсырманы  орындауы,  оны  баяндап  қорытындылауы
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           балалардың жеке басының ерекшелігіне, өз бетімен жұмыс
           істей білу дәрежесіне  тікелей  қатысты.  Мұнда  ғылымға
           негізделген арнаулы дидактикалық, саналылық қағидасына
           сай оқу құралдарын жазуда кейбір ерекшеліктерді ескерген
           жөн. Сондай-ақ арнайы мектептерде оқитын балалардың
           даму ерекшелігін ескеріп қоймай, оқытудың коррекциялық
           (түзету) бағытын, мәтіннің күрделілігін, оның мазмұнының
           балалардың сөздік қорларына сәйкес келуін ескеріп, кейбір
           ескерген мәселелерді түбірімен қайта қарап, кеңейтіп жазу
           керек.
             Материалды саналы түрде меңгеру тек оқушылар ынта-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           мен жұмыс істегенде ғана жүзеге асады. Ол үшін әдебиеттік
           оқу сабағында балалардың ынтасын үнемі қолдап, көтерме-
           леп отыру қажет. Сабақ өткізгенде, көрнекі құралдарын,
           көп қолданылатын ойын түрлерін, тағы басқа тапсырмалар
           мен  жаттығуларды  кеңінен  пайдаланған  жөн.  Ол  өзінің
           игі  нәтижесін  береді.  Тіл  сабақтарындағы  көрнекі  құрал
           оқушының сөйлем құрауына, дұрыс сөйлеуіне ерекше ықпал
           етеді. Дәстүрлі көрнекі құралдардан басқа тіл сабағында
           мимика (бет-әлпет құбылысы), дауыс ырғағы, мәнерлеп
           оқу  сияқты  тәсілдердің  де  маңызы  зор.  Соңғы  тәсілдер
           оқушының сөйлеу мәнері мен дауыс ырғағына және сөз
           сақтауына көп көмегін тигізеді.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
             Сабақта тәрбие жұмысы Отанға, табиғатқа деген махаб-
           батты, еңбекқорлыққа, шыншылдық пен интернационалдық
           сезімге  тәрбиелейтін  материалдарды  кірістіру  арқылы


           жүзеге асады.
                                                                          35
   32   33   34   35   36   37   38   39   40   41   42