Page 40 - 7.3.3
P. 40
special-edu.kz.
special-edu.kz.
а) Таныс емес сөздерді бөліп алып, жоғарыдан төмен
қарай тізіп жазады да, олардың мағынасын мәтіннің маз-
мұнынан тыс түсіндіреді. Мәтіннен жұлып алынған сөздің ма-
ғынасын оқушыларға ұғындыру оңайға түспейтіндігі айдан
анық.
special-edu.kz. special-edu.kz.
ә) Сан жағынан көп сөздерге өте ұзақ және жалықтыр-
ғанша түсінік беру оқушыларды қажытады да, әрі олардың
жұмысқа деген ынтасын төмендетеді.
б) Жеке алынған сөздер мәтін мазмұнымен үйлесімін
тауып тұрған бояуынан, өзіндік үнінен толық айырылады.
Соның салдарынан түсінік берілген сөздер сөздікте де,
оқушылардың есінде де сақталмайды әрі жатталмайды.
Арнайы мектептің оқу кітабында кейбір таныс емес
сөздер бөліп көрсетіліп, олардың мағынасына түсінік
беріліп отырған. Дегенмен, мұндай (мәтін) түсініктемелер
де балаларға жете қоймайды. Сондықтан оларды қайталап,
special-edu.kz. special-edu.kz.
дәлірек және анығырақ ұғындыруға тура келеді. Сөздер-
дің мән-мағынасын анықтауда қажетті әдістемелік амалдар:
1. Затты, макет (үлгі), іс-әрекет, сурет, сызба, заттың қа-
баты, тақтаға бормен түсіндірілген сурет тәрізді көрнекі құрал-
дарды пайдалану (ақыл-ойы кем балалардың көрнекілік-
бейнелік ойлау қабілеттері, сөздік-танымдыққа қарағанда
едәуір сақталған).
2. Сөздерді синонимдер, антонимдермен ауыстырып
отыру.
3. Сөз мағынасына кеңірек түсінік беру. М: «дырдай» – «үл-
кен» деген мағынада, бұл сөзді «дардай» деп те айтушы-
лық бар.
special-edu.kz. special-edu.kz.
4. Сөздік құрамға да көңіл бөлу.
5. Сөздің жалпылама (абстракт) мағынасына түсінік бер-
генде (намыс, ар, парыз, алғыс тәрізді), балалардың өз өмір
тәжірибелеріне сүйенген жөн.
38