Page 39 - 7.3.3
P. 39
special-edu.kz.
special-edu.kz.
отыратынын ұғыну балаларға өте қиынға түседі. Сөздердің
басым бөлігі пассив сөздікте берілген.
Мүмкіншілігі шектеулі балалар айналадағы дүниені сол
қалпында нақты түрінде қабылдайды. Соның салдарынан,
олардың сөйлеу тілінде заттың тура мағынасы басым келеді
special-edu.kz. special-edu.kz.
де, оның сөздік ұғымы деген түсінік тіпті болмайды.
Осы айтылған ерекшеліктерді ескере отырып, оқу сабағы
кезіндегі сөздік жұмысының мазмұнына мыналар енуі қажет:
1. Ең алдымен мәтінде кездесетін жаңа және қиын сөз-
дердің мағынасын түсіндіру керек.
2. Сөздің абзацтағы реңкін айыра біліп, оны сөйлеу ті-
лінде, сұрақтарға жауап беру кезінде және әңгімелеу бары-
сында дұрыс қолдану.
3. Сөздердің көпмағыналы болып келетінін еске салу.
4. Сөздердің бейнелі, адамның сезіміне әсер ететін рең-
кіне (эмоционалды), өңіне (экспрессивті) көңіл аударту. Сөз-
special-edu.kz. special-edu.kz.
дердің мән-мағынасына түсінік беру жұмысы сабақтың үш
түрлі кезеңінде жүзеге асуы ықтимал:
а) балалармен алғашқы әңгімеде оқылатын мәтінді то-
лық қабылдауға кедергі етіп тұрған таныс емес сөздердің
мағынасын түсіндіріп өту қажет. Мысалы, ХХ ғасыр авторы
М. Дулатовтың «Жаңа тілек» өлеңінде кездесетін «надан-
дық», «сергу» деген сөздерді түсіндіру қажет. Мәтінді алғаш
оқу кезінде, мұғалім оқушыларға таныс емес сөздердің ма-
ғынасын басқа синонимдермен ауыстыру немесе оларға тән
қимыл-әрекеттерді көрсетумен де өткізе алады.
Қазақ тіліндегі лексикалардың көбі сан мағыналы болып
отырады. Сондықтан да мәтінді оқу, талдау үстінде оқушылар
special-edu.kz. special-edu.kz.
сөздердің мән-мағынасын дұрыс, дәл және айқын қабылдай
алады. Оқу сабағын жүргізу кезінде байқалғанындай, сөздік
жұмысын ұйымдастыруда іс жүзінде өрескел қателіктер
жіберіледі. Олардың сыры мынада:
37