Page 36 - 7.3.3
P. 36
special-edu.kz.
special-edu.kz.
үстірт түрде ғана қабылдап, шын мәнін терең ұға білмейді.
Осы тұста мұғалім дидактикалық шарттарды қолдануы
қажет. Ол мына үш нәрседен тұрады: қабылдау, талдау,
түсіну. Осындай шарттың бірі – шығарманың оқушыға түсі-
нікті болуы және оқушылардың шығарманы түсіне білу
special-edu.kz. special-edu.kz.
дәрежесі. Осы орайда оқулыққа енгізілген материалдар
келесі көрсеткіштер бойынша іріктелді:
1. Балалардың өмірлік тәжірбиесімен байланысты
болуы. Мұнда балалар мектеп оқушыларының өмірімен
танысады. Үлкендер мен мектеп оқушыларының іс-әрекет-
тері, жылдың әр мезгіліндегі өмір сүру суреттері, табиғат
және жан-жануар туралы мәлімет.
2. Оқыған шығарманың мәнін түсіну өрісі. Оқушылар
тұрмыс-салт жырларын, шешендік сөздер, аңыз-әңгіме-
лерін, ақын, жазушылардың шығармаларын оқиды. Осы
тақырыптармен әлденеше рет танысқаннан кейін, балалар-
special-edu.kz. special-edu.kz.
дың бұдан да күрделі шығармаларды түсіну қабілеті дами-
ды. Сонымен қатар оқушының ой-өрісі білімін одан әрі
тереңдетіп, ұғымын кеңейтіп, кейбір құбылыстарды салыс-
тырып зерттеуіне мүмкіндік береді.
3. Оқушыларды жаңа тақырыптарды игеруге алдын ала
дайындау. Осы мақсатпен мұғалім мен тәрбиеші балаларды
аталмыш тақырып бойынша экскурсияға, кинофильм,
театрдағы сахналық қойылымдарды көруге, кітапханаға
апарады. Алған білімді іс жүзіне асыру үшін білім тиянақты
болуы шарт. Ол үшін материалды жете ұғынып, терең
түсіне білуі керек. Осы жағдайды ескере отырып, әдістеме
special-edu.kz. special-edu.kz.
мынадай тәсіл ұсынады: тақырыпты мұғалім әр бөлім
бойынша оқиды, оқушылар да әр бөлімді оқып, талдайды,
алған білімін қорытындылайды. Осы айтылған тәсіл оқы-
ған тақырыпты түбегейлі есте сақтауға ықпал етеді.
34