Page 39 - 5.3.3
P. 39

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


                              Оқығанды айтып беру

             Оқығанды айтып беру мақсаты – оқушылардың оқығанын,
           мазмұнды қаншалықты дұрыс түсініп, сезінгенін анықтайды.
           Мазмұнды баяндағанда, оқушылар өз сөздерімен айтуға,
           жоспарлы біркелкі айтуға жаттығады. Шығарманың маз-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           мұнына, көлеміне, көздеген бағытына, оқушылардың жас
           ерекшелігіне қарай сабақты қайта айтып берудің түрлері
           қарастырылады. Ауызша суреттеу, толық, қысқаша айту,
           іріктеп (теріп) айту, басқаның атынан айту, ұқсастырып айту.

                                Қорытынды әңгіме

             Қорытынды  әңгіменің  мақсаты  –  оқушылардың  терең
           ойлап,  барлық  қорытындыларды  түсінуі.  Бұл  әңгімеге
           қорытынды сұрақтары енеді. Мұнда кейіпкерлердің мінез-
           құлқы талқыланып, оқушылар мен мұғалімнің өмірге деген
           көзқарасы  анықталады.  Қорытынды  әңгімелер  шығарма
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           толық оқылып біткенде өткізіледі.

                 Ғылыми-көпшілік мақалаларды оқыту әдісі

             Арнайы мектептердің сыныптарында ғылыми-көпшілік
           мақалаларды оқу балалардың жоғары сыныптарға барғанда
           табиғаттану, география және тарих сияқты пәндерді игеруіне
           көмектеседі.
             Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің тәжі-
           рибесі көрсеткендей, сабақтар құрылымы икемді әрі жан-
           жақты болуы керек. Сабақтарды қарабайыр өткізуге бол-
           майды. Алайда сабақтардың әдістері мен тәсілдерін әртүр-
           лі  етіп  құрамын  деген  оймен  оқудың  мазмұндық  және
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           мақсаттық ерекшеліктері есепке алына бермейді.
             Тарихи және табиғаттану материалдары бойынша оқу
           сабақтарын  өткізудің  өзіндік  әдіс-тәсілдері  бар.  Тарихи
           материалдарды  оқу  сабақтарында  кестені,  сызбаларды
           пайдаланатын мұғалім сөзі ең алдыңғы орындардың бірін


                                                                          37
   34   35   36   37   38   39   40   41   42   43   44