Page 38 - 5.3.3
P. 38
special-edu.kz.
special-edu.kz.
балалар оқиғаны өздерінің өмірден алған мәтіннің мазмұ-
нына жақындатып айтады. Бұдан мұғалім оқушының білім
деңгейін біледі. Кей кезде мұғалім өзі балаларға шығарманың
мазмұнын түсіндіретін мәліметтерді айтады. Кейде алдын
ала әңгімеде серуеннен алған әсерлері пайдаланылады.
special-edu.kz. special-edu.kz.
Кейбір жағдайда оқудың алдында, ыңғайлы суреттер,
диафильмдер мен кинофильмдерден үзінділер көрсетіп,
күйтабаққа жазылғанды тыңдатқан пайдалы.
Адын ала дайындыққа сөздік жұмысының бөлімі де кіреді.
Бұл жұмыстың кезеңінде тек білмейтін жаңа сөздердің
мағынасы түсіндірілуге алынған барлық сөздер ену керек.
Өйткені өзінше мәтіннен алынған сөздер ұғымды болмайды.
Алдын ала сабақтағы жұмысқа 3-7-минут бөлу керек.
Оқушының мәтінді оқуы
Бұл кезеңнің негізгі мақсаты – оқығанды игеріп, оған
талдау жасау. Мұғалім алдын ала мәтінді мәніне қарай
special-edu.kz. special-edu.kz.
бөлімдерге бөледі. Оқушылар әр бөлімді оқыған соң, оның
мазмұнын, негізгі ойын, түсініксіз сөздер мен сөйлемдердің
мағынасын анықтайды. Оқушылардың тиісті сұрақтарынан
кейін оларды шығармадағы кейіпкерлер ара-қатынастарын
түсінуге әкеледі. Жазушы мен оқушылардың кейіпкерлерге
деген көзқарасын анықтайды, бұл кезеңде суретпен
сипаттап, мысалдар қолданылады (мазмұнына сәйкес).
Мәтінді қайталап оқу кезеңі
Қайталап оқудың мақсаты – балалардың ойында оқыған
шығарманы сақтап, оған алған әсерін мәнерлеп оқу арқылы
нығайту. Мұнда әртүрлі әңгімені қайта оқу, рөлге бөліп оқу,
special-edu.kz. special-edu.kz.
мәнерлеп оқу жаттығулары, талдап оқу тапсырмалары
болады. Бұл тапсырмаларда мұғалімнің түсіндіруі оқуға
деген уақытты үнемдеу үшін мұқият ойланып, дайындап,
басқа әңгімеге уақыт кетпеуін қарастырған жөн. Мәтінді
қайталап оқу да жоспар жасау жұмысымен байланысты.
36