Page 33 - 5.3.3
P. 33

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


           тақырыптары бойынша өткен тілді дамыту сабақтарында
           көрнекілік, міне, осындай рөл атқарады.
             Қандай  жағдай  болмасын,  көрнекілік  пен  мақаланың
           мазмұнын салыстыра отырып сабақта көрнекіліктің қандай
           жағынан пайдаланылғандығын дәл анықтау керек. Сонымен
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           бірге оқушылардың мәтіннің материалды түсінуіне және
           кеңінен ұғынуына мүмкіндік береді.
             Іскерлік мақаланы оқу барысында, яғни оны оқушыларға
           жеткізу  кезеңінде  мұғалімнің  сөзі  қандай  рөл  атқарады.
           Міне, бұл айрықша мәнге ие мәселе. Бұл жерде ол оқушы
           және  көрнекілік,  сондай-ақ  мәтін  арасындағы  бір-бірінің
           байланыстылығына өзіндік тұрғыдан үлес қосуы тиіс. Мұға-
           лімнің сөзінің ықпалы мен әсері осы жерде айқын аңғары-
           лады.  Бұл  тұста  мұғалімнің  сөзі  оқушы  үшін  белгілі  бір
           нысаны жөнінде толығырақ мағлұмат алуға мүмкіндік беруі
           тиіс. Іскерлік мақаланың мәтіннің оқу барысында, оның әр
           нәрседен түсінік беруге, сөйтіп көрнекілікті аша түсуге бейім
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           болуы міндетті. Яғни, мұғалімнің сөзі белгілі бір нысанмен
           мәтіндік материал арасындағы өзара байланысты оқушының
           толық  қабылдауына  әсер  етеді.  Осы  орайда  мұғалімнің
           сөзі өзінің білімділігіне, көрнекілік нысаны мен мақаланың
           мазмұнын аша түсудегі іскерлігіне тығыз байланысты. Мұ-
           ғалім сөзі сабақ барысында мәтіндік және көрнекілік мате-
           риалдан ауытқымауы тиіс. Міне, сонда ғана сөздің құдіреті
           арта түсуімен қатар, оқушылардың білім деңгейін көтереді.
             Оқушының тәжірибелік қызметі жағдайында оның аузынан
           шыққан әрбір сөз нақтылы көрнекілік міндетін атқарады.
           Бұл, әсіресе оқушыға белгілі бір мәселеде түсінік беруде
           айқынырақ аңғарылады. Сайып келгенде, бұл мәтінді мұ-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           ғалімнің өзінің терең түсінуіне және өзінің санасынан өткізіп,
           қабылдай білуіне да қатысты. Осы ретте мұғалімнен белгілі
           бір дайындықты және сөйлеу мәдениетін жетілдіруді талап
           етеді, оның әрбір сөзі бейнелі болып келген жағдайда ғана
           оқушы жақсы қабылдайды.


                                                                          31
   28   29   30   31   32   33   34   35   36   37   38