Page 28 - 5.3.3
P. 28
special-edu.kz.
special-edu.kz.
олардың сөйлеу тілінде заттың тура мағынасы басым келеді
де, оның «сөздік ұғымы» деген түсінік тіпті болмайды.
Осы айтылған ерекшеліктерді ескере отырып, оқу сабағы
кезіндегі сөздік жұмысының мазмұнына мыналар енуі
қажет:
special-edu.kz. special-edu.kz.
1. Ең алдымен мәтінде кездесетін жаңа және қиын сөз-
дердің мағынасын түсіндіру керек.
2. Сөздің абзацтағы реңкін айыра біліп, оны сөйлеу
тілінде, сұрақтарға жауап беру кезінде және әңгімелеу
барысында дұрыс қолдану.
3. Сөздердің көпмағыналы болып келетінін еске салу.
4. Сөздердің бейнелі, адамның сезіміне әсер ететін рең-
кіне (эмоционалды), (экспрессивті өңіне) көңіл аударту.
Сөздердің мән-мағынасына түсінік беру жұмысы сабақтың
үш түрлі кезеңінде жүзеге асуы ықтимал:
а) балалармен алғашқы әңгімеде оқылатын мәтінді то-
лық қабылдауға кедергі етіп тұрған таныс емес сөздердің ма-
special-edu.kz. special-edu.kz.
ғынасын түсіндіріп өту қажет. Мысалы, «Күз» тарауында
Ә. Шынбатыровтың «Отынға барғанда» әңгімесін бастар
алдында «абыр-сабыр», «қолым қарысып», «еңбек етсе
жанып кетеді екен» сияқты сөздерді түсіндіру қажет.
Мәтінді алғаш оқу кезінде, мұғалім оқушыларға таныс емес
сөздердің мағынасын басқа синонимдермен ауыстыру
немесе оларға тән қимыл-әрекеттерді көрсетумен де өткізе
алады.
Сөзбен жұмыс істеудің негізгі кезеңі мәтінді оқып, оның
мазмұнын талдап, әбден ұғып алуынан басталады. Өйткені
сөздердің нақтылы ұғымы мәтіннің ішінен оқу барысында
байқалады, қазақ тіліндегі лексикалардың көбі сан мағыналы
special-edu.kz. special-edu.kz.
болып отырады. Сондықтан да, мәтінді оқу, талдау үстінде
оқушылар сөздердің мән-мағынасын дұрыс, дәл және
айқын қабылдай алады. Оқу сабағын жүргізу кезінде
байқалғанындай, сөздік жұмысын ұйымдастыруда іс жүзінде
өрескел қателіктер жіберіледі.
26