Page 32 - 5.3.3
P. 32
special-edu.kz.
special-edu.kz.
1) Көрнекі құралдар нақтылы қандай рөл атқарады?
2) Осы көрнекі құралдың белгілі бір затқа қандай қатысы
бар? Оны оқушының түсінуі мен қабылдауы қандай дә-
режеде болмақ?»
Ең бір негізгі сәт – сабақ оқыту барысында жаңадан
special-edu.kz. special-edu.kz.
өтетін сабақтың белгілі бір өзіндік ерекшелігі болуы тиіс.
Мұндай жағдайда қағазға басылған мәтіннің маңызы ерекше.
Мәтінмен жұмыс істеу – сабақ өткізудің басты ерекшелігі.
Мұның өзі көрнекі құралға бағындырылып тұруы міндетті.
Оқу және ғылыми-көпшілік мәтіндерді іріктеу барысында
көрнекі құралдар әртүрлі қызметтер атқарады. Осы ретте
біз мәтіндерді оқу барысындағы бірнеше ерекшелікке
тоқталмақпыз.
Біріншіден алғанда, көрнекілік белгілі бір мәтіннің маз-
мұнын нақтылай түседі. Әлдебір пәндегі негізгі білім мен
мәліметтер немесе құбылыстарды оқушылар әуелі мәтіннің
өзінен алады, ол мәтіннің мазмұнына қатысты көрнекілік
special-edu.kz. special-edu.kz.
бағынышты рөл атқарады. Бұл жерде ол балалардың
сезінушілік тәжірибесін байытып, оқылған материалдағыны
құбылыспен байланыстыруға көмектеседі. Сонымен бірге
көрнекілік мақалада кездескен сөздер мен терминдердің
маңызын тереңірек балаларға түсінуіне ықпал жасайды.
Тарихи және табиғаттануға байланысты мақалаларды
оқыған кезде де осыған көбірек көңіл бөлген жөн.
Екінші жағдайда көрнекі құрал мәтіндегі материалда бас-
қаша қырынан танылады. Бұл орайда болмыс немесе белгілі
бір зат оқушылардың көз алдына айрықша түсінікті түрде
жеткізіледі. Олармен бетпе-бет келгенде, оқушылар жаңағы
заттың немесе болмыстың өзіндік ерешеліктерін айқынырақ
танып біледі. Яғни, олардың заңдылық құбылыстарын және
special-edu.kz. special-edu.kz.
басқа да ерекшеліктерін танып білуіне толық мүмкіндік
береді. Оқушылар көрнекі құралдарды көре отырып, мәтінде
материалдан ұққандарын бір жүйеге келтіреді. Әсіресе
«Үйдегі өсімдіктер», «Жабайы жануарлар», «Құстар»
30