Page 35 - 5.3.3
P. 35

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


             Әдеби мәтіндерді және іскерлік мақалаларды сабақтарда
           оқу барысында көрнекілікті қолдану айрықша көзге түседі.
           Алайда, бұл жерде, оны қолдануда өзіндік қиындықтар да
           кездеспей қоймайды. Қиындықтардың ең бастысы, әдеби
           мәтіндердегі бейнелік ерекшеліктерге тығыз байланысты.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           Әдеби  бейнелер  өзінің  нақтылығымен  бірінші  сигналды
           жүйемен байланысты, сонымен бірге әдеби шығармаларда
           әдебиет бейнелер тіл құралдарының көмегімен, яғни екінші
           сигнал қызметімен жасалады. Көркем шығармада сөздің рөлі
           ерекше. Өйткені, ол екінші сигналдық жүйеге бағына отырып,
           бейнелік ойлауды жасауға қатысады. Бұл үдеріс мүмкіншілігі
           шектеулі балалар үшін өте күрделі. Оны балаларға түсінікті
           етіп жеткізу үшін жасалған бейнеге өзіндік сезімдік тірек
           ретінде нақты затпен құбылысты немесе ол туралы басқа
           да жанды нәрселерді іске тарту керек.
             Көркем шығармаларда оқу кезінде қандай нақты көрнекілік
           құралдар пайдалы болуы мүмкін? Іскерлік мақалаларды
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           талдау барысындағы жұмыстарға қатысты көрнекі құралдар-
           дың көпшілігі осындай кезде пайдаланылады. Егер біз мұнда
           жанды құралдарға көбірек сүйенсек, ал көркем мәтіндерде
           бірінші  орынға  бейнелеуші  көрнекі  құралдар  қойылады.
           Мұның  өзі  көркем  шығарманың  өзіне  тән  қасиеті  болып
           табылады. Ал, шын мәнінде, кез келген адамның әдеби
           бейнесі жарқын әрі бейнелі болса да, нақты өмірдегі адамға
           қарағанда, ол шыншылдығы жағынан әлсіз.
             Жанды көрнекі құралдар белгілі бір нысан туралы тек
           бір ғана көрініс бере алады. Ол барынша нақты әрі айқын.
           Мұндай біржақтылық көркем бейнелерді, әсіресе жанды
           нәрселерді  қабылдау  кезінде  кедергі  болуы  мүмкін.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           Мәселен, біз «Қ» әрпіне қатысты (5-сынып) мысалды оқуға
           арналған сабаққа қатыстық. Алдын ала әңгіме барысында
           мұғалім  балаларды  ертегінің  бейнелерін  қабылдауға
           дайындау  мақсатында  құмырсқа  мен  қоңыз  салынған
           суреттерді көрсетті. Артынан суреттен балалардың алған


                                                                          33
   30   31   32   33   34   35   36   37   38   39   40