Page 37 - 5.3.3
P. 37
special-edu.kz.
special-edu.kz.
мол мүмкіндік береді. Тәрбие өрісінің әсері, балалардың
шығарманы эмоциялық ішкі жан дүниесімен сезінуі, мұға-
лімнің өз басынан өткендей етіп түсіндіріп, жеткізе білуіне
байланысты. Сөйтіп, тәрбие жұмысы мен оқу сабағының
міндеттерін бір-бірінен бөліп қарауға болмайды, қайта олар
special-edu.kz. special-edu.kz.
бірін-бірі толықтыра түседі. Осының өзі білім беру үдерісін
тәрбие жұмысымен байланыстыра жүргізу керектігін ай-
қындап отыр.
Сыныпта оқылатын оқу сабағының негізгі міндеті –
таным мен тәрбиені ажыратпай, бір үдеріс ретінде қарай
отырып, мектеп оқушыларының саналы түрде қоғам туралы
пікірін қалыптастырып, әдеби-көркем шығармалармен
танысып және ғылыми көпшілік мақалаларды оқып, талдай
білуге үйрету болып табылады. Арнайы мектептерде
оқу сабағының жалпы міндеттеріне мүмкіншілігі шектеулі
балалардың тілдерін түзетуге жылдам оқып үйренуге,
кейбір логикалық ойлау қабілеттеріндегі кемістіктерді жоюға,
special-edu.kz. special-edu.kz.
әсіресе баяндалмаған күрделі оқиғалар мен құбылыстардың
арасындағы байланыстарды түсіндіріп,талдай білуге үйрету
мәселелері де кіреді. Оқылған материал бойынша қосымша
жұмыс істеп, көп жағдайда кейіпкерлерді көз алдына
елестете білуде кететін кемшіліктерді толықтыруға, бұзып
сөйлейтіндердің сөздік қорын арттырып, тілін түзетуге,
сөйлем құрастыруды үйренуге, ойлау қабілетін жан-жақты
дамытуы керек.
Көркем шығарма оқудағы жұмыс кезеңдері.
Алдын ала әңгіме
Алдын ала әңгіменің мақсаты – оқушыларды көркем
special-edu.kz. special-edu.kz.
шығарманы қабылдауға дайындау. Оқудың алдында оқу-
шылармен бастапқы жұмыс істелінеді. Онда оқуды қызық-
тыруға жағдай жасалады, оларды мәтінді сапалы сезініп,
дұрыс бағыт алуға дайындайды. Оқуға дайындау әртүрлі
жолмен жүргізіледі, ал шығармаға байланысты кейде
35