Page 36 - 5.3.3
P. 36

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


           әсерін білмек болған кезімізде, олардың көпшілігі жасалған
           бейненің қандай болатындығын көз алдына дұрыстап елес-
           тете алмады. Мұның өзі мүмкіншілігі шектеулі балалардың
           шығармадағы көркем бейнені суреттен қарағаннан да оның
           тірі қимылын байқағаны дұрыс екендігін көрсетеді. Олар
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           суретке  қаншама  үңілсе  де  көргендерін  нақты  елестете
           алмайды.  «Ана  тілі»  кітабында  жарияланған  мысалдың
           иллюстрациясын көрген бір бала құмырсқа мен қоңыздың
           портфельді  көтеріп  жүре  алмайтындығын  ашып  айтты.
           Бұдан көрнекі құралдарды көркем шығармалар оқу кезінде
           сабақтарда пайдаланбау керек деген ұғым тумауы керек.
           Қайта оны орынды қолдана білсе, пайдасы зор болмақ.
           Айталық, Қабанбай, Бөгенбай, Сырым батырлар туралы
           сабақ өтер алдында тарихи мұражайға оқушыларды апа-
           рып, оларды сол кезде пайдаланылған әртүрлі заттармен
           таныстырып немесе суреттерін көрсету керек. Сонда ғана
           балалар мәтінді оқи отырып, батырлардың бейнесін көз
           алдарына елестете алады. Ал кейіпкердің сыртқы келбетін,
 special-edu.kz.                   істеу әдістемесі
                                           special-edu.kz.
           дене бітімін, бойын мәтіндегі материалдарды оқи отырып
           елестете алады.
                Арнайы мектептің көркем шығармамен жұмыс



              Арнайы мектептердің жұмыстарында әдебиеттік сабақты
           оқыту – білім мен тәрбие беру ісін жүзеге асырудың ең
           маңызды құралы болып есептеледі. Оқу және тіл дамыту
           сабағын оқытудың ең бірінші міндеті – балаларға саналы
           түрде, дұрыс және мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастырып,
           әдеби шығармалармен жұмыс істей білуге үйрету. Мұнда
           балалардың кітап оқып үйренуі ең негізгі мәселе. Сонымен
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           бірге, арнайы мектептердің оқушыларына эстетикалық және
           адамгершілік тәрбие беруді жүзеге асыруға көмектеседі.
           Тек  оқу  сабағы  ғана  балаларға  туған  жер  табиғатының
           сұлулығын  сезіне  білуге,  өз  республикасының  бұрынғы
           және  қазіргі  тарихы,  әлеуметтік  жағдайымен  танысуға


           34
   31   32   33   34   35   36   37   38   39   40   41