Page 30 - 5.3.3
P. 30
special-edu.kz.
special-edu.kz.
5. Сөздің жалпылама (абстракті) мағынасына түсінік бер-
генде (намыс, ар, парыз, алғыс тәрізді), балалардың өз өмір
тәжірибелеріне сүйенген жөн.
6. Мәнмәтінде балаларға жете таныс емес сөздер бөлініп
алынады. Енді олар сөздердің мағынасын контекстегі
special-edu.kz. special-edu.kz.
мазмұнға негіздей отырып, өз беттерінше түсіну жағын ой-
ластырады (мәтіннен мәнмәтінді бірнеше рет қайталап оқу
арқылы сол сөздердің мән-мағынасын түсіне алады). Соны-
мен оқушының сөздік қорын толықтырып, дамытып, анықтап
қана қоймай, олар өздерінің сөйлеу тілдерінде сол сөздерді
еркін пайдалана алатындай болуларын, мұғалім әрдайым
бақылап, көмектесіп және нақтылы түзетулер жасап оты-
рады.Шығарма тіліне мағыналық талдау жасаған тұста
көпмағыналы, ауыспалы, бейнелі, экспрессивті мәндердегі
сөздермен де жұмыс жүргізу қажет. Шығарманың көркем
бейнелері мен оқиғаларын және оның идеясын түсінуге
қажетті жеке сөздер мен сөйлемшелер көзге түсерліктей
белгімен бөліп көрсетіледі.
special-edu.kz. special-edu.kz.
Зат пен оқиға қандай сөздермен суреттелгенін және
олардың атқаратын қызметін анықтап, түсіну қажет.
Сонымен қатар автор таңдауындағы сөздердің рөлін
саралап, жекелеген стильдік оралымдар грамматикалық
көрсеткіштердің қызметін (салыстырмалар, эпитеттер,
жұрнақтар т.б.) анықтап көрстеу.
Сонымен оқушылардың сөздік қорын толықтырып оты-
ру – ана тілін оқыту сабағының ажырамас бөлігі болып
саналады.
Шығарманың мазмұнын ашуға, дәлдікті, тілдің айқын-
дылығы мен мәнерлігін түсінуге әрі оқушылардың белгілі бір
аядағы сөздерді және олардың мән-мағынасын меңгеріп,
special-edu.kz. special-edu.kz.
түсініп алуына жағдай туғызады.
Оқу сабақтарындағы көрнекілік. Көрнекілік – бұл
балаларды оқуға және ана тіліне үйретудің маңызды
принципі. Ол арнайы мектептердегі оқу сабағының әртүрлі
формалары мен түрлерінің негізін қалайды.
28