Page 29 - 5.3.3
P. 29
special-edu.kz.
Олардың сыры мынада: special-edu.kz.
1. Таныс емес сөздерді бөліп алып, жоғарыдан төмен
қарай тізіп жазады да, олардың мағынасын мәтіннің маз-
мұнынан тыс түсіндіреді. Мәтіннен жұлып алынған сөздің
мағынасын оқушыларға ұғындыру оңайға түспейтіндігі айдан
special-edu.kz. special-edu.kz.
анық.
2. Сан жағынан көп сөздерге өте ұзақ және жалықтырғанша
түсінік беру оқушыларды қажытады да, әрі олардың жұмысқа
деген ынтасын төмендетеді.
3. Жеке алынған сөздер мәтін мазмұнымен үйлесімін
тауып тұрған бояуынан, өзіндік үнінен толық айырылады. Со-
ның салдарынан түсінік берілген сөздер сөздікте де, оқу-
шылардың есінде де сақталмайды әрі жатталмайды.
Кейде таныс емес сөздердің мағынасын қалыптасқан сұрақ-
тарға еліктеу арқылы түсіндіру де кездеседі. Мысалы, «мына
сөзді сен қалай ұғасың?» «диірменші», «наубай». 5-сыныптың
оқушысы оған жауап бере алмайды. Сонда мұғалім сурет
special-edu.kz. special-edu.kz.
бойынша көрсетіп, осы сөздердің мағынасын ашады.
Арнайы мектептің оқу кітабында кейбір таныс емес сөз-
дер бөліп көрсетіліп, олардың мағынасына түсінік беріліп
отырған. Дегенмен мұндай (мәтін) түсініктемелер де бала-
ларға жете қоймайды. Сондықтан оларды қайталап, дәлі-
рек және анығырақ ұғындыруға тура келеді.Сөздердің
мән-мағынасын анықтауда қажетті әдістемелік амалдар:
1. Затты, макет (үлгі), іс-әрекет, сурет, сызба, заттың қа-
баты, тақтаға бормен түсіндірілген сурет тәрізді көрнекі
құралдарды пайдалану (ақыл-есі кем балалардың көрнекілік-
бейнелік ойлау қабілеттері, сөздік-танымдыққа қарағанда
едәуір сақталған).
special-edu.kz. special-edu.kz.
2. Сөздерді синонимдер, антонимдермен ауыстырып
отыру.
3. Сөз мағынасына кеңірек түсінік беру: дырдай – үлкен
деген мағынада, бұл сөзді «дардай» деп те айтушылық бар.
4. Сөздік құрамға да көңіл бөлу.
27