Page 25 - 5.3.3
P. 25
special-edu.kz.
special-edu.kz.
1. Шығарма мазмұнын талдау және оқу әдістерінің қалып-
тасуы мәтіннің мазмұнын түсінуге бағытталған біріккен
үдеріске қосылады /оқу тәсілін дамытатын тапсырмалар
беру.
2. Шығарманың сюжеттік жағын, сурет композициясын
special-edu.kz. special-edu.kz.
ажырата білу арнайы мектеп оқушыларының толық азамат
болып қалыптасуына және олардың сөйлеу мәдениетінің
дамуына көмектеседі.
3. Балалардың өмірлік тәжірибесіне сүйену сол шығарманы
түсініп, оны қабылдаудың және түсінудің ең керекті шарты
болып табылады.
4. Шығарманы талдаудағы негізгі фактор – бұл оның
оқушыларға эмоциялық әсер етуі. Мәтінді талқылау ой-
сезімді оятып, өз пікірін білдіруге деген ынтаны тудыру
керек және өзінің өмірлік тәжірибесін автор көрсеткен фак-
торлармен салыстыруы тиіс. Шығарманы талдау үдерісінде
логикалық талқылау–эмоционалды–бейнелі талқылаумен
special-edu.kz. special-edu.kz.
байланыста болуы – негізгі шарт.
5. Оқу сабақтарындағы сөздік жұмыс. Көркем әдебиет
шығармаларын талдағанда, арнайы мектептерге арнап орыс-
ша және қазақша шығарылған оқулықтардың мазмұнының
көркемделуінде біз мынаған көңіл аудардық: қазақ тілінде
жазылған әдебиетте мәтін кейіпкерлік мәнерлеуге өте
бай. Егер оларды қарапайым тілмен түсіндірсе немесе
қысқартса, мәтіннің мазмұны бұзылады және әлсірейді.
Осыған байланысты көркем әдебиет шығармаларындағы
тілдік мәнерлеу құралымен істелген жұмыс дұрыс шығу үшін
оны ойластырып, ол нақты жағдайда қандай бағытпен және
қандай тәсілдермен жүргізілу керектігін белгілеу қажет. Осы
кездегі мәнерлеп оқу әдісі педагогика ғылымдары талқылап
special-edu.kz. special-edu.kz.
берген теориялық жағдайларға негізделеді. Мәнерлеп оқуды
дұрыс ұйымдастыру үшін көркем әдебиет шығармасының
өзіндік ерекшелігін ескерген жөн. Сондай-ақ әр сатыдағы
оқу үдерісінен психологиялық негізін, мүмкіншілігі шектеулі
23