Page 20 - 5.3.3
P. 20

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


              2. Сабақ соңында оқушыларды дұрыс, жылдам оқытып
           алғаннан кейін ғана рөлдеп оқытуға үйретуге болады.
              3. Инсценировка. Мысалы: ертегілерді оқығанда, оқу-
           шыларға аңдардың маскасын кигізіп, қимыл-дыбыстарын
           келтіріп қайталату.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
              Оқу сабағының маңызы мен міндеттері: Арнайы мек-
           теп жұмысында оқу сабағы білім беру, тәрбиелік және кор-
           рекциялық міндеттерді жүзеге асырудың маңызды құралы
           болып табылады. Оқу сабағының ең басты мақсаты – ба-
           лалардың бойында дұрыс, жылдам, түсініп және мәнерлеп
           оқу әрі мәтінмен өздігінше жұмыс істеуге үйрету. Бірақ оқу-
           шыларды оқуға үйрету негізгі мақсат емес, сондай-ақ адам-
           гершілік тәрбиесі басты назарға алынады. Ең алдымен, оқу
           сабақтарында балалар туған табиғатының әсемдігін сезініп,
           біздің еліміздің өткені және қазіргісімен таныса алмақ.
              Мәтіннің тәрбиелік әсері оның нақты көркемдігіне жақсы
           назар  аудару  керек.  Оқу  сабақтарының  тәрбиелік  және
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           білімділік бағыттары бір-бірімен тығыз орайлас. Сондықтан
           да бізге бұл мәселені тартымды байланыста қарастырып,
           біртұтас тәрбиелік үдерісте жүргізу – бірінші талап. Осы
           тұрғыда оқу сабақтарының тәлімдік-тәрбиелік міндеттері
           тек қана мазмұндық жақты ғана емес, сонымен бірге әртүрлі
           әдістемелік  жақты  да  қамтиды.  Бұл  дегеніміз  –  мұғалім
           оқушылардың тәлімдік қызметін басқарумен қатар, олардың
           жан-жақты дамуына қол жеткізу деген сөз.
              Арнайы мектепте оқу сабағы жалпы міндеттермен қатар
           зияты зақымдалған балалардың қабілетін жақсарту парызын
           атқарады. Олардың сөйлеу мәнері, оқу дағдылары біртіндеп
           дамиды.  Логикалық  ойлау  жүйесінде  кейбір  кемшіліктер
           түзетіледі. Мәтінді оқу үстінде атқарылған тиісті жұмыстар
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           образдық қабылдаудағы кемшіліктерді түзетуге көмектесіп,
           оқушылардың сөздік қорын көбейтіп, белгілі бір жағдайда
           өздігінен  сөйлеу  әдісін  қалпына  келтіруге  дұрыс  жағдай
           жасайды.


           18
   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25