Page 18 - 5.3.3
P. 18

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


              Шығарманы бөлімге бөліп оқыту күн сайынғы сабақта іске
           асқанымен, бөлімдерге үнемі ат қойғыза беруге болмайды.
           Мұның  өзі  қиын  жұмыс.  Сондықтан  мұғалім  оқулықтағы
           жоспар жасап, бөлімдерге ат қою қолайлы материалдарды
           ғана ұсыну керек. Сонымен, бірінші рет бөлімге бөліп оқыт-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           қанда, оқушылар материалды саналы түсінгеніне көз жет-
           кізсек, екінші рет оқығанда, оған жоспар жасау жағын қарас-
           тырамыз.
              Жоспар шығарма мазмұнын көрсететін оқиғаның жүйесін
           білдіреді.  Жоспар  жасау  жұмысы  екі  түрлі  жолмен  іске
           асады:
              Әңгімені бөлімге бөлу.
              Бөлімдерге ат қою. Оны тәртіптеп жазу.
              Оқушылар әңгімені бөлімге бөлу үшін ондағы ойды және
           қосымша мәселелерді анықтайды.
               2. Шапшаң оқуда назар, негізінен, оқушының оқу жыл-
           дамдығына аударылса, түсініп оқуда мәтіннің мазмұнын
           қаншалықты  түсінгенін  және  оны  қалай  айтып  бере
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           алатындығы ескеріледі.
              Оқушы оқыған мәтіннің мазмұнын түсіну үшін оқығанның
           мазмұнын айттыру, сұрақ беру, бір оқығанды қайта оқыту,
           бір оқушының мазмұндағанын басқаларына толықтырып
           қорытынды шығару керек.
              Оқушы оқығанын түсіну үшін онда кездесетін жаңа сөздерді
           алдын ала түсіндіріп отыруы керек. Мұндай жұмыс оқушыға
           оқығанының мазмұнын жеңілдірек түсінуіне көмектеседі.
           Оқушыларды оқу машығына үйретумен бірге оларға білім,
           тәрбие беру мақсаты көзделеді. Білім мен тәрбиені оқушы тек
           оқығанын саналы түсінгенде ғана ала алады.
              Мұғалім  өзі  жатқа  айтқан  не  оқып  берген  мәтіннің
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           мазмұнын  оқушылардың  түсінген-түсінбегенін  білу  үшін
           сұрақтар қоюға болады. Ол сұрақтар өтілген шығарманың
           мазмұнын беретіндей болуға тиіс. Егер оқушылар қойылған
           сұрақтарға жауап берсе, онда олардың әңгіме мазмұнын
           түсінгені.


           16
   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23