Page 17 - 5.3.3
P. 17
special-edu.kz.
special-edu.kz.
ә) өтілетін тақырып мазмұнын толықтай қосымша сабақ-
тан тыс оқу материалдарымен беру;
б) жұмбақтар, мақал-мәтелдер, тақырыптық суреттер
іздету;
в) түсіндірмелі оқу сабақтарында оқушыларды қатесіз
special-edu.kz. special-edu.kz.
әрі мәнерлеп оқуға, саналы түрде түсініп оқуға жаттықтыру
жұмыстары жүргізілуі тиіс. Бұл талап оқу сабақтарында
оқушыларға дауыстап және іштен оқыту, мәтіннің мазмұнына
байланысты қойылған сұрақтарға толық жауап бергізу,
әңгіменің мазмұнын жоспар бойынша баяндату т.б. Осы
сияқты жұмыстарды іске асыру оқытылады. Оқушыны дұрыс
оқуға үйрету жұмысы 1-сыныпта басталып, әрбір жеке сөзді
дыбыстап емес, буындап оқуға үйретеді.
Мұғалім өзі жатқа айтқан не оқып берген мәтіннің маз-
мұнын оқушылардың түсінген-түсінбегенін білу үшін сұрақтар
қоюына болады. Ол сұрақтар өтілген шығарманың мазмұнын
беретіндей болуы тиіс. Егер оқушылар қойылған сұрақтарға
special-edu.kz. special-edu.kz.
жауап берсе, онда олардың әңгіме мазмұнын түсінгені.
Міне, осындай жұмыстар жүргізу арқылы мұғалім оқыған
мәтінді оқушылардың қаншалықты ұққанын байқауына
болады.
Оқыған мәтіннің мазмұнын айтудың өзі түрліше болады:
оқығанның мазмұнын мұғалімнің қалауына, тыңдауына
қарай айту, даяр жоспар бойынша айту, толық және қысқаша
айту. Мұғалім шығарма мазмұнын олардың қай түрімен
айтқызамын десе де ерікті, тақырыпты мұғалімнің жатқа
айтуы немесе оқуы оқушыларға үлкен әсер етеді. Бұдан
оқушылар ләззат алуға жаттығады. 6-сыныптан бастап
оқушылар шығармаға жоспар жасауға үйренеді. Олар бөлім-
бөлімге бөліп оқып, мазмұнын айтқан соң, осы бөлімдерге ат
special-edu.kz. special-edu.kz.
қоюға, жоспар жасауға көшуге болады. Мысалы, «Сауысқан
мен көкек» ертегісін алатын болсақ, оқушылар оқып алады
да, бөлім-бөлімге бөліп, әр бөлімде не жайында айтылғанын
ұғып, соған орай бөлімге ат қояды.
15