Page 19 - 5.3.3
P. 19

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


             Міне, осындай жұмыстар жүргізу арқылы мұғалім оқыған
           мәтінді  оқушылардың  қаншалықты  ұққанын  байқауына
           болады.
             Оқыған мәтіннің мазмұнын айтудың өзі түрліше болады:
           оқығанның  мазмұнын  мұғалімнің  қалауына,  тыңдауына
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           қарай  айту,  даяр  жоспар  бойынша  айту,  толық  және
           қысқаша айту. Мұғалім шығарма мазмұнын олардың қай
           түрімен айтқызамын десе де ерікті. Тақырыпты мұғалімнің
           жатқа айтуы немесе оқуы оқушыларға үлкен әсер етеді.
           6-сыныптан бастап оқушылар шығармаға жоспар жасауды
           үйренеді. Олар бөлім-бөлімге бөліп оқып, мазмұнын айтқан
           соң,  осы  бөлімдерге  ат  қоюға,  жоспар  жасауға  көшуге
           болады. Мысалы, «Сауысқан мен көкек» ертегісін алатын
           болсақ, оқушылар оқып алады да, бөлім-бөлімге бөліп, әр
           бөлімде не жайында айтылғанын ұғып, соған орай бөлімге
           ат қояды.
             Шығарманы бөлімге бөліп оқыту күн сайынғы сабақта іске
           асқанымен, бөлімдерге үнемі ат қойғыза беруге болмай-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           ды. Бұл өте қиын жұмыс. Сондықтан мұғалім оқулықтағы
           жоспар жасап, бөлімдерге ат қою қолайлы материалдар-
           ды ғана ұсыну керек. Сонымен, бірінші рет бөлімге бөліп
           оқытқанда, оқушылардың материалды саналы түсінгеніне
           көз жеткізсек,екінші рет оқығанда, оған жоспар жасау жағын
           қарастырамыз.
             Жоспар шығарма мазмұнын көрсететін оқиғаның жүйесін
           білдіреді.  Жоспар  жасау  жұмысы  екі  түрлі  жолмен  іске
           асады:
             Әңгімені бөлімге бөлу.
             Бөлімдерге ат қою. Оны тәртіптеп жазу.
             Оқушылар әңгімені бөлімге бөлу үшін ондағы ойды және
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           қосымша мәселелерді анықтайды.
             3. Мәнерлеп оқуға арналған әдіс-тәсілдер.
             1. Мұғалімнің оқуы – тыныс белгілерін сақтай отырып оқу.
           Осылай оқылған кезде ғана оқушылар мұғалімнің оқығанына
           еліктейді.


                                                                          17
   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24