Page 15 - 5.3.3
P. 15
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Оқушылардың сөйлеу, әңгімелесу дағдысын жетілдіре
отырып, мәнерлеп сөйлеуге баулу. Мысалы, Ақбөкен қойға
ұқсайды. Бірақ оның басы үлкен, тұмсығы жалпақтау. Артқы
аяқтары қысқалау, көздері мөп-мөлдір.
1. Мәтінге ат қою.
special-edu.kz. special-edu.kz.
2. Мәтіннің қай түріне жатады?
Оқушылар жауапты тақтада ілулі тұрған кестеден көр-
сетеді.
Мәтінді қабылдауда оқушыларды психологиялық жағынан
дайындау. Көркем шығарма жазушының сөз арқылы жасаған
көркем бейнесі – сурет арқылы қабылданады. Шығарманы
оқыған кезде оқушыда елес пайда болады. Бұл оқушының
сезімін қозғайды. Мысалы, балалар қояннан қорыққан қасқыр
туралы оқығанда, күледі. Яғни, мәтінді әртүрлі қабылдайды
(күледі, көзіне жас алады, қорқыныш сезімі туады т.б.).
Мәтінді саналы түрде түсініп оқуға дағдыландыру оқу-
шылардың мәтінді саналы түрде түсініп оқу дағдысын қа-
special-edu.kz. special-edu.kz.
лыптастыру жолын сөз етпес бұрын ол өзіне, оны меңгеруде
қандай қиындықтар кездеседі дегенге тоқталайық: оқушы-
лардың мәтінді саналы түрде түсініп оқығаны – оқушының
дұрыс оқуы мен мазмұнын саналы түрде меңгергендігінен
көрінеді. Мұндай жағдайда оқушыда белгілі бір көзқарас
қалыптасады. Ол оқығанының мазмұнын ұғып, ондағы сурет-
терден адамдардың өзара қарым-қатынасын, іс-әрекетінің
болу себебін анықтайды. Автордың не айтқалы тұрғанын
түсіне алады.
5-сыныптағы оқу сабақтарында оқушылардың оқу дағды-
сын қалыптастыру негізінде оқығандарын қабылдау, тү-
сіну мүмкіндіктерін арттыру мақсаты көзделгенімен, оны
іске асыру, әсіресе бастауыш сыныпта өте қиын. Мәтінді
special-edu.kz. special-edu.kz.
оқушылардың тезірек меңгеріп кетуі үшін мұғалім әрбір жеке
сөздің мән-мағынасына баланың көңілін үнемі аударып,
оған сөйлемдегі сөздердің арақатынасын байланыстырып,
мәтіннің негізгі ой бағытын аңғартып отыру қажет.
13