Page 16 - 5.3.3
P. 16
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Дайындық оқылғалы отырған шығармадағы оқиғаға ұқсас
баланың өз өмірінде болған оқиғаларды еске түсіру сияқты
тәсілдерімен өткізіледі. Алдын ала жүргізілген әңгімеде
мұғалімнің оқылған мәтінде кездесетін жаңа сөздер мен
қиын ұғымдарды түсіндіруді ұмытпағаны жөн. Бұларды біліп
special-edu.kz. special-edu.kz.
алмайынша, әңгіменің негізгі идеясы мен мазмұнын ұғу
балаларға қиынға соғады. Дайындық әңгіменің ұзақтығы
оқылатын материалдың ауыр, жеңілдігіне байланысты.
Сонымен, шығарманы оқуға дайындық жұмысы, біріншіден,
балаларды оқылатын әңгіменің мазмұны мен ондағы кейіп-
кердің ісін саналы түрде білуге дайындау; екіншіден, оқы-
латын әңгіменің мазмұнына қызықтыру; үшіншіден, онда-
ғы сөздер мен ұғымдарды түсіндіру мақсатында жүргізіледі.
Жұмыстың көздейтін мақсаты – балаларға шығармашылық
толық та саналы қабылдауға мүмкіндік туғызады. Дайындық
жұмысында қандай әдіс-тәсілдер қолдануға болады?
а) оқушының өзіне әңгіме айтқызу;
special-edu.kz. special-edu.kz.
ә) мұғалімнің кіріспе әңгімесі;
б) ұжымдық түрде әңгіме айту.
Әңгіме барысында оқушыларға қосымша материал беру
немесе бұрын өткен материалды қайталау тиімді.
в) экскурсияда білгендерін пайдалану (серуен, саяхат);
г) суреттерді қарау;
д) сұрақтар қою.
Кіріспе сөз тақырыптары аша алатындай болуы тиіс.
Ұзақтығы – 3-5 минут. Мәтінді мұғалім өзі оқиды.
Мәтінді оқымас бұрын мұғалім оқушылардың қызығу-
шылығын оятып, назарын аударуы қажет. Түсініксіз сөздерді
бірде оқушылардың өздеріне айтқызып, бірде өзі атап, оқу-
special-edu.kz. special-edu.kz.
шылардың түсінігін жанама жетекші сұрақ арқылы анықтау
тиімді.
1. Мәтінді түсініп оқу үшін істелетін жұмыстар:
а) оқылатын мәтінге дайындық ретінде алдын ала экс-
курсияларға шығару, әртүрлі тәжірбие жасату;
14