Page 14 - 5.3.3
P. 14
special-edu.kz.
special-edu.kz.
дымен дайындық жұмыстар өткізіледі: алдын ала жүргізілген
әңгімеде мұғалім оқылатын мәтінде кездесетін жаңа сөздер
мен қиын ұғымдарды түсіндіруді ұмытпағаны жөн. Әңгіме-
нің ішіндегі түсінбеген сөздердің мән-мағынасын біліп ал-
майынша, оны оқығанда мазмұнын ұғу мүмкіншілігі шек-
special-edu.kz. special-edu.kz.
теулі балаларға қиынға соғады.
Жаңа материалды түсініп қабылдау үшін сабақ үстінде
мынадай жұмыстар жүргізіледі:
Кіріспе әңгіме.
Сөздік жұмысы.
Сұрақтар арқылы не түсінгенін, қалай түсінгенін байқау.
Бөлімдер бойынша оқушыларға дауыстап оқыту.
Іштей оқыту.
Қажетті жағдайда оқудың басқа түрлерін іске асыру. Мы-
салы, рөлге бөліп оқу, теріп оқу, бөлімге бөліп оқу. Түсін-
гендері бойынша бөлімге ат қою, мазмұнына сай сурет салу,
мақал-мәтел айту. Осындай жұмыс түрлері бойынша өз жүйе-
сін тауып жүргенде ғана зияты зақымдалған бала мәтінді
special-edu.kz. special-edu.kz.
толық түсініп, өз бойына рухани азық алады.
Мәтін – бірнеше сөйлемдерден құралған белгілі ойды,
оқиғаны білдіреді. Мәтінге әңгіме, өлең, ертегі сияқты
жанрлар жатады. Мәтінді оқушыларға мынадай түрлерімен
береді: әңгімелесу, пайымдау, сипаттау.
Әңгімелесу арқылы мәтінді бергенде, тек мұғалімнің
өзі емес, оқушылар да қатысып, топқа талқыланады. Ал,
сипаттау арқылы, мысалы, бір нәрсенің бейнесін немесе
табиғат көріністерін сипаттайды. Мысалы, күзде жапырақтар
сарғайып, айнала сары алтынға малынады.
«Пайымдау» дегеніміз, бір сөзбен алғанда, болжау де-
генді білдіреді. Мәтін арқылы оқушылардың тіл байлығы
special-edu.kz. special-edu.kz.
жетіліп, ой-өрісі дамиды. Мәтін неше сөйлемнен құралса
да, белгілі бір түйіні болады. Соны ажырата білу керек.
Мәтін түрлерін ажырата білуге дағдыландыру – мәтінді
әңгімелегенде сөйлемдердің мағыналық байланысына
қарай ретімен әңгімелеу дағдыларын қалыптастыру.
12