Page 23 - 5.3.3
P. 23
special-edu.kz.
special-edu.kz.
мақалаларды түсіну қабілеті дамиды. Сонымен қатар түсіну
өрісі оқушының бұрынғы білген дүниесін одан да молайтып,
ұғымын кеңейтіп, кейбір құбылыстарды салыстырып зерт-
теуіне мүмкіндік береді.
3. Оқушыларды әуелде тиісінше жаңа тақырыптарды
special-edu.kz. special-edu.kz.
игеруге алдын ала дайындау. Осы мақсатпен мұғалім
балаларды аталмыш тақырып бойынша экскурсияға, киноға
және диафильмдер көруге, сурет залына апарады. Алған
білімді іс жүзіне асыру үшін білім тиянақты болуы шарт. Ол
үшін материалды жете ұғынып, терең түсіне білуі керек. Осы
жағдайды ескере отырып, әдістеме мынадай тәсіл ұсынады:
тақырыпты мұғалім әр бөлім бойынша оқиды, оқушылар да
әр бөлімді оқып талдайды, алған білімін қорытындылайды.
Осы айтылған тәсілдің оқыған тақырыпты түбегейлі есте
сақтауға үлкен жәрдемі бар.
Берілген білімнің тиянақты болуы тапсырмаларды
орындағанда оқушылардың өз бетімен жұмыс істей алу
special-edu.kz. special-edu.kz.
дәрежесіне, материалдың күрделілігіне және олардың
қанша жылдан бері оқып жүргеніне байланысты. Ал тап-
сырманы орындауы, оны баяндап, қорытындылауы бала-
лардың жеке басының ерекшелігіне, өз бетімен жұмыс істей
білу дәрежесіне тікелей қатысты. Мұнда ғылымға негіз-
делген арнаулы дидактикалық, саналылық принципіне
сай оқу құралдарын жазуда кейбір ерекшеліктерді
ескерген жөн. Сондай-ақ арнайы мектептерде оқитын
балалардың даму ерекшелігін ескеріп қоймай, оқытудың
түзету бағытын, мәтіннің күрделілігін, оның мазмұнының
балалардың сөздік қорларына сәйкес келуін ескеріп, кейбір
ескерген мәселелерді түбірімен қайта қарап, кеңейтіп жазу
керек. Ол үшін, мәтінді бермес бұрын бір жүйеге келтіріп,
special-edu.kz. special-edu.kz.
балалардың қосылып дауыстап оқу, айтуы сияқты жұмыс-
тарды жүргізуі керек.
Мәтін кейде бір жүйеге келтірілген өмірдегі тәжірибеге
сүйенсе, екінші жағдайда, қоғамдық, табиғи құбылыстарға,
21