Page 24 - 5.3.3
P. 24

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


           кино,  диафильм  т.б.  жүйелі  түрде  бақылау  жүйесіне
           сүйенеді.  Егер  әдебиеттік  оқу  сабағы  мұндай  қосымша
           дайындықсыз  өтетін  болса,  онда  ол  тіл  дамытудың
           коррекциялық  (түзету)  құралы  ретіндегі  міндетін  атқара
           алмайды. Материалды саналы түрде меңгеру тек оқушылар
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           ынтамен  жұмыс  істегенде  ғана  жүзеге  асады.  Ол  үшін
           әдебиеттік  оқу  сабағында  балалардың  ынтасын  үнемі
           қолдап, көтермелеп отыру қажет. Сабақ өткізгенде көрнекі
           құралдарын, көп қолданылатын ойын түрлерін, тағы басқа
           тапсырмалар мен жаттығуларды кеңінен пайдаланған жөн.
           Ол өзінің игі нәтижесін береді. Тіл сабақтарындағы көр-
           некі құрал оқушының сөйлем құрауына, дұрыс сөйлеуіне
           ерекше ықпал етеді. Дәстүрлі көрнекі құралдардан басқа
           тіл сабағында мимика (бет-әлпет құбылысы), дауыс ырғағы,
           мәнерлеп оқу сияқты тәсілдердің де маңызы зор. Соңғы
           тәсілдер оқушының сөйлеу мәнері мен дауыс ырғағына және
           сөз сақтауына көп көмегін тигізеді.
              Сабақта тәрбие жұмысы Отанға, табиғатқа деген махаб-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           батты, еңбекке ынталылықты, шыншылдық пен интерна-
           ционалдық сезімге тәрбиелейтін материалдарды кірістіру
           арқылы жүзеге асады. Патриоттық интернационалдық сезім
           тәрбиесін беруде Ы. Алтынсарин, С. Омаров, С. Қалиев,
           С. Дүйсенбиев, А. Қасенов, М.Төрежанов сияқты көптеген
           жазушылардың шығармаларын пайдаланудың үлкен мәні
           бар. Тілінің даму дәрежесі онша жетілмеген, шапшаң оқи
           алмайтын, рантеллектуалды балалар үшін оқу құралдарына
           әдістемелік нұсқаулар жазғанда, әр оқушының өзіне жеке
           көңіл  бөліп,  өзіндік  әрі  дифференциалдық  жұмыс  істеу
           принциптері ескеріледі. Соған байланысты әртүрлі сұрақтар
           беру және жекелеген оқушылардың мүмкіндіктерін ескере
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           отырып, олардың сабаққа белсенді әрі бар ынта-жігерімен
           қатысуын қамтамасыз ету керек.
              Психологиялық – ұстаздық негізге сүйене отырып әртүрлі
           мәтіндердің талдауын анықтайтын төмендегі әдістемелік

           шарттарды ұсынуға болады:

           22
   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29