Page 26 - 5.3.3
P. 26
special-edu.kz.
special-edu.kz.
балалардың мәтінді қабылдап, оны түсіну ерекшеліктері де
еске алынады.
Біз қарастырып отырған оқу курсының теориялық және
әдістемелік негізі қазақ тіліндегі арнайы мектептердің бас-
тауыш сыныптарында оқытылатын оқулықтар мен бағдар-
special-edu.kz. special-edu.kz.
ламалардың мазмұнын анықтауда басшылыққа алынады.
Оқу мен тіл дамыту бағдарламасының талдауы – қазақ
тілі бағдарламасының бір бөлімі. Бұл бағдарламаның негізгі
жағдайлары түсініктеме қағазда және бағдарламаның өзінде
оның сыныпқа бөлінуіне сәйкес белгіленген. Оқу пәндерінің
тапсырмалары төмендегідей: 2-4-сыныптардағы оқу пәнінің
негізгі тапсырмасы дұрыс, тез, түсініп және мәнерлеп оқудың
қалыптасуы. Осының негізінде шығарманың мәтінімен жұ-
мыс істеу әрі қарай өз бетінше кітап оқуды дамыту болып
табылады. Мұның мағынасы жайында бөлімнің мазмұнында
кеңінен ашылып жазылған. Одан мұғалім оқу тематикасының
негізгі бағыттарымен, әр оқу жылында балалардан талап
special-edu.kz. special-edu.kz.
ету шарттарымен танысады.
Оқудың мазмұны арнайы мектептердің тәрбиелік бағыт-
тарына сай қойылған: балаларға туған жерге деген махаб-
батты сезіндіру, еңбек адамдары мен еңбекке деген сүйіс-
пеншілікті туғызу, табиғатқа деген нәзік сезімге тәрбиелеу.
Сонымен қатар отбасы мен жолдастарының арасында
өзін мәдениетті ұстау шарттарын қалыптастыра бастау.
Шығармаларды тақырыптар бойынша бөліп, оны жыл
айларына қарай орналастыру оқуды әр жылдың мезгіліндегі
құбылыстармен жеке адамдардың еңбектерімен байла-
ныстыруға мүмкіндік береді. Ал ол тек еңбекпен шектелмей,
мейрамдар өткізумен, яғни, өмір мен оқудың тығыз байла-
special-edu.kz. special-edu.kz.
нысын туғызады. Тану мен білудің талаптары бағдарламада
топтастырылып, әр сыныпқа белгіленген тақырып бойынша,
олар оқушының қабілетіне қарай біртіндеп қиындатылатын
жүйені көрсетеді. Бұл жүйе оқушыларға көркем әдебиет
шығармаларын өз бетінше оқуға және ғылыми-танымдық
24