Page 22 - 5.3.3
P. 22
special-edu.kz.
special-edu.kz.
мазмұны түсініксіз қалып, кейбір қосымша оқиғалар басты
тақырып болып қабылданады да, шығарма өз мән-мазмұнын
жояды. Психологтардың түсіндіруі бойынша, оқушылардың
мәтінді осылай теріс мәнде қабылдауы мәтіндегі кейбір
сөйлемдер мен сөздерді мәнсіз қабылдауына әкеліп соғады.
special-edu.kz. special-edu.kz.
Баланың сөйлеу қабілетінің нашарлығы шығарманың мән-
мазмұнының түсінбеуіне әсер етеді. Оқушылар көбіне
синоним сөздерді түбірлес сөздермен шатастырып алады.
Ол сөздердің мағынасына қарап емес, айтылуына қарай
ұғынады. Өзі оқып шыққан сөйлемдердің дұрыс түсінуіне
кері әсер ететін күш – ол баланың бұрынғы өз тәжірибесін
қолдануында. Ал, мұғалім оқиға желісін балаға баяндағанда,
әр оқушының өзін соған еліктіре, оқиғаға қызыға түсінуіне
жетелеуі қажет. Арнайы мектеп оқушыларына тән қасиет –
шығарманы оқығаннан кейін, баланың ой-өрісі баланың
кейіпкерлер іс-әрекеттерінің өрбуін толық елестете ал-
мауы. Сондықтан олар шығарманы үстірт түрде ғана
special-edu.kz. special-edu.kz.
қабылдап, шын мәнін терең ұға білмейді. Осы тұста мұғалім
дидактикалық шарттарды қолдануы қажет. Ол мына үш
нәрседен тұрады: қабылдау, талдау, түсіну. Осындай
шарттың бірі – шығарманың оқушыға түсінікті болуы және
оқушылардың шығарманы түсіне білу дәрежесі. Осы
мақсатта оқулыққа енгізілген материалдар мына шарттарға
жауап беретін болып жинақталды:
1. Балалардың өмірімен байланысты. Мұнда балалар
мектеп оқушыларының өмірімен танысады. Үлкендер мен
мектеп оқушыларының іс-әрекеттері, жылдың әр мезгіліндегі
өмір сүру суреттері, табиғат және жан-жануар туралы мә-
лімет.
special-edu.kz. special-edu.kz.
2. Оқыған шығарманың мәнін түсіну өрісі. 5-сыныпта
оқушылар әңгімелер, табиғат, адамдар мен жануарлар
туралы өлеңдер, ертегілер оқиды. Осы тақырыптармен
әлденеше рет танысқаннан кейін, мүмкіншілігі шектеулі
балалардың бұдан да күрделі, әсіресе ғылыми-танымалы
20